833

Шалқарда үш адам мінген көлік мұз астына кетті

Ақтөбе облысында ішінде үш адам бар көлік Шалқар көліндегі мұз астына кетті.

Шалқарда үш адам мінген көлік мұз астына кетті
canva.com

Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, бір адам суға батып кеткен, екеуі шығып үлгерген.

«ВАЗ-2110 көлігі мұзға түсіп кеткен, ішінде үш ер адам болған. Екеуі жағаға өз бетімен шықты, құтқарушылар оларды уақытша жылыту пунктіне орналастырды, медициналық көмек қажет болмады. 1972 жылы туған үшінші ер адам суға батып кетті» делінген хабарламада.

Құтқарушылар мұздағы өзін-өзі ұстау ережелерін тағы да еске салды.