Марғұлан университетінің археологиялық зерттеулер институтында Ұлытаудан табылған артефактілер зерттелуде

10.01.2024, 17:41
609
Марғұлан университетінің археологиялық зерттеулер институтында Ұлытаудан табылған артефактілер зерттелуде gov.kz

Марғұлан университеті жанындағы археологиялық зерттеулер институтының «Ұмай» мәдени мұраларды сақтау және қалпына келтіру жөніндегі халықаралық зертханасының ғалымдары өткен жылы бірқатар тарихи мұраларды зерттеу және насихаттау жұмыстарына қатысты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Соның бірі - Алтын Орда дәуіріне жататын Талмас ата кесенесінен табылған тарихи киімдерді реконструкциялау туралы жобасы. «Ұмай» халықаралық зертханасының меңгерушісі Татьяна Крупаның айтуынша, Талмас ата кесенесінен табылған археологиялық жәдігерлер әлемдік археологиялық қауымдастық үшін маңызды тарихи олжа саналады (археолог А.Қасеналиннің ұлытау аумағындағы қазба жұмыстары нәтижесінде анықталған).

«Талмас ата кесенесі Алтын Орда дәуіріне жатады. Бұл Ұлытау аумағында орналасқан. Зерттеушілер осы кесенеде жерленген адамды Болған ана кесенесімен туыстық қатынасы бар деп байланыстырады. Ал оның шапаны бірнеше жылдан бері осында сақталған. Қазір сол шапан бойынша консервация (ұзақ уақытқа сақтау) жұмысы жалғасуда. Өткен жылы Варшава университетінде (Польша) және Копенгаген университетінде (Дания) өткен халықаралық конференцияларда Қазақстан мен Украина аумағындағы Алтын Орда артефактілерін зерттеуге арналған баяндама жасадым. Сонымен қатар, Болған ана кесенесінен табылған шапан туралы жеке баяндама жасалды. Талмас ата кесенесінен табылған материалдардың ішіндегі тағы бір ерекше жәдігер ол - ер адамның етігі. Оның айналасынан Талмас Ата кесенесінде жерленген адамның бейнесі бар деген тұжырымдама жасалған. Содан кейін ежелгі етіктердің көшірмесін жасау жұмыстары жүргізілді. Болашақта аталған жәдігерлерді консервациялау жұмыстары жоспарланып отыр», - деді ол.

Қазба жұмыстарынан табылған етіктің өкшесі мен табанынан басқа бөлігі толық сақталған. Тіпті, сақталған бөліктерде қазіргі қазақ ою-өрнегіне өте ұқсас қызықты декорларды көруге болады. Татьяна Крупа мұны Алтын Орда дәуірінің технологиялары мен киім дәстүрлерінің сабақтастығы деп санайды.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр