Шымкентте қоғамдық көліктердегі бейнекамералар жедел басқару орталығына қосылады

11.01.2024, 14:57
1034
Шымкентте қоғамдық көліктердегі бейнекамералар жедел басқару орталығына қосылады Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласының Полиция департаментінде қоғамдық көліктерде тәртіп пен қала көшелерінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жиналыс өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Жол қауіпсіздігі, жолаушылар мен жүргізушілердің өзекті мәселелері қаралған кездесуге жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері, қаладағы 11 көлік компаниясының өкілдері мен аталған департаменттің басшылық құрамы қатысты.

Жиында автобустарды толық бейнебақылау камерасымен қамту, оны тікелей жедел басқару орталығына қосу тақырыбы қозғалды. Сонымен қатар жүргізушілердің жолаушылармен қарым-қатынасын реттеу, қоғамдық көлікті сергек күйде басқару үшін ауысым арқылы жұмыс уақытын 8 сағаттан асырмау және автобустардың соңғы аялдамасын талапқа сай жасау барысы сөз болды. Осы орайда жүргізушілер тарапынан жол ережесін қатаң сақтау мәселелері де талқыланды. 

Кездесу барысында көлік компанияларының өкілдеріне қоғамдық көліктердегі келеңсіз жағдайлар туралы ескертіліп, сондай-ақ пікірлер алмасып, бірқатар ұсыныс қаралды.

 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады