Тоқаев Қазақстанның Ирандағы елшісін қызметінен босатты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ирандағы елшісі Асхат Оразбайды қызметінен босатты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Оразбай Асхат Тұтқышбайұлы Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.
Оразбай 2019 жылдың қаңтарынан бері Ирандағы елші қызметін атқарды.