Маңғыстауда «West Oil Software» ЖШС жұмысшыларының ереуілін сот заңсыз деп таныды

11.01.2024, 20:28
510
Маңғыстауда «West Oil Software» ЖШС жұмысшыларының ереуілін сот заңсыз деп таныды canva.com

2023 жылдың 11 желтоқсанынан басталған "West Oil Software" ЖШС қызметкерлерінің ереуілін Қарақия аудандық соты заңсыз деп таныды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

 
"Ереуілге қатысушылар ЕСОТ жүйесіне сәйкес жалақыны теңестіру, компанияны «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ құрылымына кіргізу және арнайы техникаларды жаңарту талаптарын қойған болатын. Алғашқы екі талаптарды орындау мүмкін емес. 
 
Бұл ретте ұлттық компания үшінші мәселе бойынша талапты қанағаттандыруға дайын және әзірленген үш жылдық жоспарға сәйкес техниканы жаңарту процесін бастады. Орындалуы мүмкін емес талаптардың қойылуы нәтижесінде компанияға күн сайын материалдық шығын келтірілуде.
 
Бүгінгі таңда ереуілге қатысушылардың заңсыз әрекетінің салдарынан компанияға шамамен 499 млн. теңге залал келтіріліп отыр. Бұл компанияның қаржылық жағдайына ғана емес, ереуілге шыққан жұмысшылардың отбасылық бюджетіне де әсер етеді", - делінген хабарламада. 
 
Ереуіл басталғаннан бері осы ереуілге қатысушыларға олардың әрекеттерінің заңсыздығы туралы бірнеше рет түсіндірілді. Сонымен қатар арнайы техникалардың кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары басталғандығы және жұмысқа шығу қажеттілігі туралы хабарланды. Компанияның ереуілге шыққан жұмысшыларымен мәселені келіссөздер үстелінде шешуге шақыру әрекеттері сәтсіз аяқталды. Жекелеген белсенділер мұндай бастамаларға тосқауыл қойып, ереуілді тоқтатқысы келетіндерге барлық талаптар жақын арада біздің пайдамызға шешіледі деп оларды жаңылыстыру арқылы ұстап отыр.
 
Алайда, олардың үгіт насихатына қарамастан, кейбір жұмысшылар заңсыз акцияның пайдасыздығын түсініп, одан бас тартты. 50-ден астам адам өз жұмыс орындарына оралды. Жақын арада жаңылысқан адал жұмысшылардың көп бөлігі жұмысқа шығады деп күтілуде.
 
Біз ереуілдің жекелеген көшбасшыларының ойларын, жеке қызығушылығы мен әрекеттерін білеміз. Осыған дейін жұмыстан шығарылған 7 белсенді үшінші тұлғалардың мүддесі үшін "West Oil Software" ЖШС жұмысына кері әсер етіп, оның орнына басқа компанияны әкелуге тырысуда.
 
"West Oil Software" ЖШС басшылығы 2024 жылдың 12 қаңтарынан бастап заңсыз ереуілдің жалғасуына түрткі болған қызметкерлерді жұмыстан шығаруға ниетті. Бұл ретте Қарақия ауданының мансаптық орталығында жұмыссыздық бойынша есепте тұрған азаматтарды бос орындарға жұмысқа қабылдау жоспарлануда.
 
Егер мекемеміздің өз міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттер тоқтатылмаса, компания тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті материалдарды құқық қорғау органдарына беруге мәжбүр болатынын ескертеміз.
 
Өз кезегінде, "West Oil Software" компаниясы әрқашан өз ұжымына қамқорлық жасайды. Біздің жұмысшыларымыздың жалақысы басқа көлік компаниялардың жалақыларынан орта есеппен алғанда жоғары. Жұмысшылардың әлеуметтік пакетін жақсартып, жалақыны көтере отырып, компания басшылығы кездесу өткізіп жүр.
 
Біз жұмысшыларды "ат басындай алтын" береміз деп уәде ететін, өзімшіл мақсаттарын көздейтін арандатушылармен келіспеуге шақырамыз.
Біз парасатты болуымыз керек, отбасымызды адал еңбекпен асырап, балаларға дұрыс тәрбие беруге мүмкіндік берген компаниядағы тұрақтылықты бағалауымыз керек.
Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті