Атырауда 60 жастағы Өзбекстан азаматы өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды
Қазір қылмыстық іс қозғалды
SmartNews басылымының хабарлауынша, Атырау қаласында шетелдік азамат суицид жасады.
10 қаңтар күні сағат 19.26-да Нұрсая ықшамауданында Өзбекстанның 1964 жылы туған азаматы өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды қалалық полиция басқармасы.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті құжаттар жинақталды.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор