The New York Times Алматы қаласын әлемнің 52 туристік жерлердің қатарына қосты

Аиса Махамбет Редактор
12.01.2024, 16:33
1105
The New York Times Алматы қаласын әлемнің 52 туристік жерлердің қатарына қосты collage smartnews.kz

Алматы 25 орында тұр.

SmartNews басылымының хабарлауынша, Алматы биыл саяхаттап бару керек әлемнің 52 туристік орынның біріне айналды. 

The New York Times дәстүрлі рейтингін жариялап, Алматы қаласын үздік туристік бағыттар тізіміне қосты. 2024 жылы баруға тұрарлық орындардың басында Мауи, Париж, Женева сияқты белгілі туристік шаһарлар тұрса, Алматы қаласы тізімнің бел ортасында орналасқан. Яғни, Австриядағы Вена мен Мысырдың Хургадасын да жоғары тұр.

Басылымның айтуынша, Алматы сан алуан көрікті жерлерімен және тағам мәзірінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. «Ұн, су және етке негізделген нео-көшпенділер асханасы - гипер-заманауи стильді паш етеді» дейді мақалада.

Шаһар орта азия өңірінен рейтингке енген жалғыз қала болды. Бұған дейін біздің еліміз 2017 жылы ЭКСПО көрмесі қарсаңында осы тізімге қосылған еді. Былтыр 9 айда Қазақстанға келген туристердің саны қырық пайызға өсіп, 835 мыңнан асқан. Оның ішінде елімізге саяхаттап келетін америкалықтың да саны артқан. Ал белді басылымның биылғы тізіміне Алматыны қосуы шетелдіктердің қызығушылығын одан бетер арттыруға сеп болуы тиіс.

"Қазақстан туралы хабарым бар. саяхаттау үшін тартымды жер деп санаймын. Сондықтан бір күні қыдырып барамын деп ойлаймын. Оның үстіне The New York Times өте сенімді басылым. Сондықтан газеттен қандай да бір мақала жарияласа ол міндетті түрде көптің назар аударады", - деді АҚШ тұрғыны Грейс Клунатский.
Американдар Қазақстанға келуді мақсат етіп отыр.

"Мен Қазақстанға саяхаттап барар едім. Мәдениетімен танысып, түрлі тағам түрлерінің дәмін татып көргім келеді. Оның үстіне белді басылым кеңес беріп жатса әрине тіпті ойланарлық дүние", - деді АҚШ тұрғыны Лэн Смис

 

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген