"Сенің өліп қалғаның жақсы болды, Ғалымбек": Омар Жәлел марқұм жазушы туралы жазды

Аиса Махамбет Редактор
12.01.2024, 15:46
12121
"Сенің өліп қалғаның жақсы болды, Ғалымбек": Омар Жәлел марқұм жазушы туралы жазды collage smartnews.kz

"Не істейсің, енді, амал бар ма?"

SmartNews басылымының хабарлауынша, абайтанушы Омар Жәлел марқұм жазушы Ғалымбек Елубай туралы жазба қалдырды.

"Сенің өліп қалғаның жақсы болды, Ғалымбек. Таза кеттің. Әйтпесе әлдебіреулер құсап атақ сұрап, ақша сұрап қадірің кетер еді. Өзің айтпақшы - тәлейіңе бір-ақ кітап жазылған екен. Не істейсің, енді, амал бар ма? Жазушы не ерте, не кеш өлмейді, өзінің көтерер жүгін, арқалаған міндетін түгескенде ұша барады деген сөз бар ғой. Сенің де бұл пәнидегі сапарың аяқталған екен. Кітабыңды бас алмай оқып жатқаныма екі күн болды. Басында менсінбей: не өзі, очерк жазған ба деп қоңылтақсығаным рас. Кейін бұл пікірімнің жаңсақ екеніне көзім жетті. Қарапайым боп көрінген оймақтай әңгімелердің астарында зілдей мағына жатыр екен ғой. Сен бір әңгімеңде жазушы болып туу керек депсің. Сен өзің жазушы боп туған екенсің, Ғалымбек. Мен Алтайды аңсап бір көрсем бе деп жүр едім. Сөйтсем Алтай Қазақстанға баяғыда келіп алған екен ғой. Сені көруім үшін сені жоғалтуым керек екен. Өзің айта беретін Оралхан Алтайдың бергі жағында, сен арғы жағында ғұмыр кешіпсіңдер. Сендерге Алтайдың өкпесі жоқ шығар. Енді арғы беттегі Алтайдан жазушы туа ма, тумай ма - дәркүмән. Рақмет саған, Ғалымбек. Жоғалып бара жатқан Алтайдың әңгімесін бізге жеткізіп кеттің. Алтайдағы соңғы қазақ мектебінің түлегі" деп жазды Омар Жәлел.

Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды