Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокаты да сотталатын болды

12.01.2024, 18:18
15474
Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокаты да сотталатын болды collage smartnews.kz

Ғалия Ысқақова үйқамақта отыр, Мұстақым Төлеев қамауға алынған

SmartNews басылымының хабарлауынша, Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйелі Ғалия Ысқақоваға, қылмыстық іс бойынша министрдің адвокаты болған Мұқтасым Төлеевке қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Бұл туралы Halyq Uni басылымы жазды.

Бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы 2023 жылдың 20 маусымында 8 жылға сотталды. Араға екі апта салып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-министрдің әйелі пара беруге оқталғанын анықтаған. Ал олардың мүддесін қорғаған адвокат Мұстақым Төлеев алаяқтық пен пара беруге итермелеу әрекетін жасады деген күдікке ілінді.

Ол Арыстанбек Мұхамедиұлының жазасын жеңілдету және қамаудан босату үшін экс-министрдің әйелінен сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 мың доллар алған.

2024 жылдың қаңтарында қылмыстық іс сотқа түсті. Арыстанбек Мұхамедиұлы қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) – 367-бабы 4-бөлігі (пара беру) бойынша күдікке ілінген. Әйелі Ғалия Ысқақова 368-баптың 1-бөлігі (парақорлыққа делдал болу), Мұстақым Төлеев 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа тартылған.

Сот отырысында адвокат қылмыстық-процестік кодекстің талаптары бұзылғанын алға тартып, істі прокуратураға қайтаруды сұрады. Сондай-ақ Ғалия Ысқақоваға қатысты «үйқамақта ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын «елден шықпау түріндегі қолхатқа» ауыстыруды сұрады.

Сотталушылардың бірі – Мұстақым Төлеев Ысқақоваға қатысты арызды, кінәсін мойындап келгені туралы арызды дәлелдер арасынан алып тастауды, Ысқақоваға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Сондай-ақ өзіне қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Ал Төлеевтің адвокаты қорғауындағы Мұстақым Төлеевке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын «үйқамаққа» немесе «өтемақыға» ауыстыруды сұрады.

Істі қарап жатқан судья Тасымбетов сотталушылар мен олардың адвокаттарының өтінішхатын қанағаттандырмады.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған