"Өздерін ақтап алғысы келеді": Бекжан Тұрыс отандық дүбара тілді фильмдерді оңдырмай сынады

Аиса Махамбет Редактор
12.01.2024, 20:14
4880
"Өздерін ақтап алғысы келеді": Бекжан Тұрыс отандық дүбара тілді фильмдерді оңдырмай сынады жеке Instagram парақшасынан

"Атыс-шабыс, әлкей-сүлкей дүние көбейді".

SmartNews басылымының хабарлауынша, "Жас қазақ" газетіне сұхбат берген еңбек сіңірген қайраткер, актер Бекжан Тұрыс неліктен киноға түспейтінін айтты. Өнер иесі кино әлемінде көңілі толмайтын жайттарды мәлім етті. Бұл туралы kaz.nur.kz жазды.

"Атыс-шабыс, әлкей-сүлкей дүние көбейді. Қазір біз батысшыл болып алдық. Лениннің сөзі бар ғой "Ең маңызды дүние — идеология" деген. Бізде бәрі қойыртпақ. Қазақша, орысша сөз, онымен қоса балағат сөздер ақтарылып, жан дүниеңді жалаңаштандырып жіберетін дүние көп. Отбасыңмен отырып, кино көре алмайсың. Ең өкініштісі, сол кинода сенің әріптесіңнің жүргені.

Мен осындай нәрсемен күресіп жүрсем, менің әріптестерім сол жерде жүреді. Бұл да бір жанбағыстың көрінісі шығар. Өнер деген халықтың ар-ожданының көркемдік бейнесі. Бұрын өнердің салмағы ар-ұятпен өлшенетін. Қазір ардан аттап кетіп жатырмыз. Жаңағыдай арзан дүниелерге ақша үшін барады. Бәлкім, танылу үшін баратын шығар. Мен үйтіп танымал болмай-ақ қояйын. Ертеңгі күні есті ұрпақ келе жатыр. Күндердің күнінде олар бетке басады. Тоғышарлық жайлаған заманда кеселдерге қарсы тұра алмай жатырмыз... Қазірден ұлт руханиятын сақтаудың жолын қарастыруымыз керек. Өз еркімен жіберген жастарымыз ойларына келгенін істеп жатыр. Жабайы, жат, өрескел мінездер кеңінен етек алып, жан дүниеміз жалаңаштанып бара жатыр..", - деді Бекжан Тұрыс.

Сонымен қатар актер бүнігі таңда "Оян, қазақ" киносының шыққанына қуанғанын айтты.

"Мен бұрын да айтатынмын, қазақтың киносында қазақтың өмірі жоқ. "Оян, қазақ" киносы шыққанда қуандық. Айдаладағы Боратқа ренжіп жүрген кезімізде, айналамыздағы бораттар ар-намысымызды Алдар көсенің жыртық тонына айырбастап жатыр. Біз намысты бөркінен биік қоятын халық едік қой. Қазіргі кино қойып жатқан қазіргі ұрпақ неге сонша намыссыз?

Тағы да сол киноларда әріптестерім жүр. "Сіз неге киноға түспейсіз" деп айтады. Қалай түсемін мен? Ертеңгі күні ол менің алдымнан шығады. Бірақ ойлаймын, есті ұрпақ келе жатыр ғой, осыны түзер. Сол кезде мүмкіндік болар. Қазір қазақ тілі мен орыс тілін араластырып беріп жатыр. Мен оны түсіне алмаймын. Ал сол киноға түскендердікі айналып келгенде танымалдылыққа ұмтылу. Сәбит Оразбаев ағамыз хабарласып "Бекжан дүние жылтыраған сайын адамдардың барлығы қатыгезденіп бара жатыр. Мен саған сенемін, сен өзіңнен кейінгілерге айтып жүрген дәстүр туралы, тәлім туралы, тәрбие туралы айта бер. Біреуі болмаса, соның біреуі алады. Бір адам жаққан отқа мың адам жылынады" деді. Сол сөзді мен аманат ретінде қабылдадым. Ал қазір сол киноға түскендер өздерін ақтап алғысы келеді", - деді актер.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды