"Мүлде түсініксіз": Нартай Аралбайұлы Қазақстан футбол федерациясын сынға алды

Аиса Махамбет Редактор
13.01.2024, 11:51
1124
"Мүлде түсініксіз": Нартай Аралбайұлы Қазақстан футбол федерациясын сынға алды ашық дереккөзден

Футбол федерациясы не дейді?

SmartNews басылымының хабарлауынша, 24.kz телеарнасына берген сұхбатында мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Қазақстан футбол чемпионаттарындағы легионерлер лимитін жою туралы шешімге пікір айтты. Бұл туралы kaz.nur.kz жазды. 

"Депутаттар мен Спорт және туризм министрлігі легионерлердің лимитін жойып, бюджеттен бөлінетін ақшаны да қысқартуды ұсынып отырғанда Қазақстан футбол федерациясының осы шешімі маған мүлде түсініксіз.

Біз сырт ауылдарға, қалаларға жиі шығып тұрамыз. Халықтың қалай өмір сүріп жатқанын көріп отырмыз. Оның үстіне ұлттық құрама ойыншыларының көбі отыздан асқан. Жастарға орын беру туралы қандай әңгіме болуы мүмкін, егер де біздің жас футболшылар тіпті тәжірибе жинай алмаса. Біз лимитті бұрынғы қалпына келтіруді талап етеміз", – деді депутат.

Футбол федерациясы өкілдерінің ойынша, легионерлердің лимитін жою алаңдағы бәсекелестік деңгейін және ойын сапасын көтереді. Кәсіпқой клубтарды заңсыздықтардан, алаяқ агенттерден қорғайды. Спорт комментаторы Сергей Райлянның айтуынша, шетелдіктерге қатысты дәл осы шешім қабылданғалы футболшылар елеулі жетістікке жете бастады.

Еске салайық, Нартай Сәрсенғалиев бұл мәселені депутаттық отырыстарда бұрыннан көтеріп жүр.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады