"Ұшақтағыларды қайтадан тексерді": Астана-Алматы рейсінен қаруы бар жолаушы шығарылған

Аиса Махамбет Редактор
13.01.2024, 15:15
6359
"Ұшақтағыларды қайтадан тексерді": Астана-Алматы рейсінен қаруы бар жолаушы шығарылған ашық дереккөзден

Мұндай жағдайға не себеп болғаны анықталды

SmartNews басылымының хабарлауынша, 11 қаңтарда елордадан Алматыға қарай ұшатын рейстен барлық жолаушы шығарылып, бір адамды полциия қызметкерлері алып кеткен. Бұл туралы kaz.nur.kz жазды.

Бұған дейін kaz.nur.kz редакциясына оқырмандардың бірі Астанадан Алматыға ұшатын ұшақтан бір адамды полиция алып кеткенін, басқа жолаушыларды қайтадан тексерістен өткізгенін хабарлаған.

"Біреуін көрдім, екеу болды деп айтты, бірақ мен көрмедім. Ұшақтағылардың бәрін қайтадан тексеруге жіберді. Рейстен түсірілген адамда Ресей Федерациясының құжаты болды. Ұшақты қарау үшін иттер мен кинологтар келді. Біз бәріміз затымызбен шықтық", - деді куәгерлердің бірі.

Оқиғаға байланысты рейс аз уақытқа кейінге шегерілген.

Көліктегі полиция департаменті әуежайда болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Биыл 11 қаңтарда Астана әуежайында желілік полиция басқармасының қызметкерлері заңсыз қару сақтады деген күдікпен Астана-Алматы рейсінің жолаушысын ұстады. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Шерзаттың сотын онлайн 40-тан астам ел көрген Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО) Астанада әйелін ұрды деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды Иран Израильдің ядролық құпияларына қол жеткізгенін мәлімдеді Қала әкімі тоқ соғып көз жұмды: Өліміне қатысты тергеу басталды Шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштері енді онлайн беріледі Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады