Марғұлан университеті Германия университетімен ғылыми ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр

Аиса Махамбет Редактор
13.01.2024, 15:52
922
Марғұлан университеті Германия университетімен ғылыми ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр gov.kz

Германиялық ғалымдар бірегей құрылғыны Марғұлан университетіне табыстау үшін Павлоларға арнайы келді.

SmartNews басылымының хабарлауынша, Марғұлан университетінде Альберт-Людвига атындағы Фрайбург (Германия) университетінің ғалымдары сыйға тартқан бірегей ғылыми-зерттеу құрылғысы таныстырылды.

Тұсаукесер шарасына басқарма төрағасы-ректордың м.а. Жанбол Жилбаев қатысып, шетелдік ғалымдарға бірлескен ынтымақтастық жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Соңғы үш жылда екі университеттің ғалымдары «Қазақстандағы жаһандық климаттық өзгерістердің салдарын зерттеуге үлес ретінде қазіргі заманғы экофизиологиялық өлшеу әдістерін енгізу» халықаралық жобасын жүзеге асыруға қатысқан болатын. Жоба жетекшілері – Фрайбург университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Маркус Хаук (Prof. Dr. Markus Hauck, индекс Хирша-38) және биология ғылымдарының докторы, профессор Чоймаа Дуламсурен (Dr. Choimaa Dulamsuren, индекс Хирша-36). Университет ғалымдарына тарту етілген қос құрылғының құны шамамен 20 миллион теңге тұрады. Германиялық ғалымдар бірегей құрылғыны Марғұлан университетіне табыстау үшін Павлоларға арнайы келді.

Жаңа технологияның жабдықтар жиынтығында атмосфералық параметрлерді бақылауға арналған ғылыми-зерттеу метеорологиялық станциясы және Scholander деп аталатын өсімдіктердің су потенциалын өлшейтін камерасы бар.

Алынған құрал-жабдықтар алдағы уақытта ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан «Баянауыл ұлттық паркі өсімдіктерінің климаттық және антропогендік факторлардың әсерін, қазіргі жағдайы мен динамикасын бағалау» жобасын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын болады. Бұл жоба 2023 жылы Марғұлан университеті жанындағы биоценология және экологиялық зерттеулер орталығының базасында жүзеге асырыла бастады.

Фрайбург университетінің ғалымдары басқарма төрағасы – ректордың міндетін атқарушы Жанбол Жылбаевпен бірге ғылыми ынтымақтастықтың алдағы перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, университеттер арасында меморандумға қол қою, бірлескен ғылыми жобаны жүзеге асыру, Германия университетінің қолданбалы экология және өсімдік шаруашылығы кафедрасы базасында Марғұлан университеті қызметкерлерінің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жоспарлануда.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды