Алматыда «Қазақ әдебиеті» газетінің 90 жылдығы аталып өтті

14.01.2024, 09:48
1635
Алматыда «Қазақ әдебиеті» газетінің 90 жылдығы аталып өтті gov.kz

«Қазақ әдебиеті» газетінің жарыққа шыққанына 90 жыл толып отыр. Салтанатты шара Алматы қаласындағы «Достық» үйінде өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Басылымның мерейтойына арналған шараның шымылдығы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзінен басталды. Министр ғасырға жуық тарихы бар басылымды мерейтойымен құттықтай келе, көпшілікке Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді.

«Ғасырға жуық уақыт ішінде газет қалың оқырманы бар беделді басылым ретінде қалыптасып, төл тарихымыздың жаршысына айналды. Алғашқы сандары «Қазақ әдебиеті» ұлт мәдениетін көтеруде үлкен орын алсын!" деген ұран сөзбен жарық көрген апталық әрдайым осы үдеден шыға білді. Басылым ұлттық құндылықтарды, қазақ қаламгерлерінің туындыларын кеңінен дәріптеп, руханиятымыздың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келеді», - делінген Президенттің құттықтау хатында.

Министр журналист ардагерлерге «Еңбек ардагері» медалін табыс етті, олардың арасында Исраил Сапарбай, Гүлжамал Темиреева және басқа да журналистер бар.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі Мөлдір Райымбек марапатталды.Сонымен бірге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары берілді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді