Атырау облысында бүлдіршінді қатарластары жабылып ұрған (ВИДЕО)

14.01.2024, 10:21
1322
Атырау облысында бүлдіршінді қатарластары жабылып ұрған (ВИДЕО) Видеодан алынған кадр

Оқиға Махамбет ауданының Бейбарыс ауылындағы «Балдырған» балабақшасында болған

Aiqyn.kz хабарлауынша, түскі демалыс уақыты кезінде бақылаусыз қалған балалар ұйықтап жатқан бүлдіршінді тұрғызып алып, бірнешеуі жабылып, ұрып-соққан көрінеді. Жылаған баланың дауысын біразға дейін ешкім естімеген.

Видеода балалардың түскі ұйқының кезінде емін-еркін жүргені көрінеді. Олар 3 жасар Әлібиді оятып алып, келесі бөлмеге алып шығады. Кейін орнына жатқызып, жан-жақтан ұра бастайды. Тіпті, біреуі үстіне шығып секірген. Бұл жағдай жарты сағатқа созылған. Тек біраздан соң ғана көрші топтың күтушісі келіп, тәрбиешіні шақырған. Әлібидің өзі сөйлей алмайды. ЗПР-Р диагнозымен ем алып, жақында балабақшаға қосылған екен.

25 сеанс күніне қалмай, басына ток алған, микрополяризациясы, БАК терапиясы бар, бәрін алған бала. Ток алған баланы келеді де төпеп, 4-5 бала ұрады. Ал не қалды баламның миынан?! Ішкі органдарына секіріп жатыр, одан не қалды?! Мынаған кім жауап береді? Мен анық-қанығына жеткізуіңізді талап етемін, – дейді Әлібидің анасы Мөлдір Отарбаева.

Тәрбиеші 1 сағаттай топта болмағанын мойындады. Баланың беті сәл қызарып тұрған соң, медбикені шақырмай, өзі жақпа жаққанын айтты.

Балалар ұйықтаған соң бір жарысқа баратын болып, соның қағаздарын сұрайын деп үлкен топқа бардым, қыздармен ақылдасайын деп. Сонда отырып қалдым. Өзімнің кінәмді білемін. Күнде шықпайтын, сол күні шығып, жарысымның қағазын сұрайын деп кетіп едім, – дейді тәрбиеші Марита Есенғазиева.

Жағдайдан балабақша меңгерушісі де хабарсыз. Барлық камера қосылған экран алдында тұрса да көрмеген.

Педагогім іште болмай қалып тұр. Оны мен өзім білмедім. Ол кісілер маған ескертпеді. Мен төменде отырамын ғой. Маған кететінін ескертпеген. Кеше ата-ана хабарласып тұр, осындай жағдай болды деп. Мен ата-анадан естіп отырмын, – деді балабақша меңгерушісі Ләззат Орынбаева.

Аудандық полиция тергеп-тексеруді бастады. Жағдайға байланысты ата-анасы мен балабақша қызметкерлерінен түсінік алып, балаға сараптама тағайындалды.

«Айтатын уақыт келді»: Балжан Бидаш ажырасқаннан кейінгі өмірін айтып берді «Қыз сияқты»: Төреғали Төреәлінің қарындасы екінші сәбиін күтіп жүргенін паш етті (ФОТО) «Шашым зақымдалып қалды»: Жұлдыз Өмірғали не үшін парик киіп жүргенін түсіндірді Алдағы мереке күндері пойыз билетінің бағасы қымбаттамайды «Жалғызбасты аналар мені түсінеді»: танымал актриса «Қалаулымға» барғаны үшін өкінетінін айтты «Менің энергиям бар»: әншіліктен алыстаған Ерке Есмахан елде жоқ әшекейін сатылымға шығарып, кәсіпкерлікке кетті IT саласында нан тауып жүргендер артып келеді «10 жас үлкен деп менсінбедім»: Мақпал Жүнісова мен Сембек Жұмағалив қалай табысқандарын айтты Кешіреміз бе, ағайын:  ҚТЖ басшысы пойыздың кешігуіне байланысты кешірім сұрады «Тақия мен бешпет кигізген»: Блогер итінің туған күнін дүркіретіп тойлады Оралда қыз көпірден секіріп кетті Тас жол серке тартатын жер емес: Ұлттық спортты ұлықтағандар қамауға алынды «AQYL BATTLE CUP» Республикалық зияткерлік сайысының жеңімпаздарымен онлайн пресс-конференция өтті Тіл тағдыры – ел тағдыры: Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолында атқарылған қадамдар Құлпынай өспесе де, жұмыс бар: Елімізде қанша шетелдік еңбек етіп жүр? Ер адам автобуста әйелді соққыға жықты Тариф қымбат: Мақта өндірісі қайдан дамиды? Жібек Рыбакинаның орнын баса ма? «Қызының атынан анасына «Мен сабақтамын» деп жазған»: 17 жастағы гимнаст қызды өгей әкесі өлтіріп кетті Сібір жарасы малдан емес, адамнан анықталды