Абай университетінің жобалары педагогикалық білім беруді жетілдіруде

14.01.2024, 14:27
814
Абай университетінің жобалары педагогикалық білім беруді жетілдіруде gov.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің республикалық және халықаралық зерттеулері Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беруді сапалы жетілдірудің үлгісі болып табылады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ғалым-педагог, профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарованың жетекшілігімен орындалған ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру аясындағы «Дуальді-бағдарлық оқыту – болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығын жетілдірудің шарты» жобасы нәтижесінде болашақ педагогтың кәсіби даярлығының озық сипатын айқындайтын дуальді-бағдарлық оқыту моделі жоғары педагогикалық оқу орындарына кешенді тұрғыдан алғаш рет енгізілді.

Бұл – бүгінгі мұғалімнің практикалық даярлығының жақсаруына; мектеп практикасының күрделі мәселелеріне дайын болып баруына; оқушылардың мұғалім мамандығын мектеп қабырғасынан өзінің сүйікті кәсібі тұрғысынан саналы таңдауына; педагогикалық оқу орнын бітірген түлектердің өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, тұрақты жұмыс істеуіне ықпал етуде.

Ғалымның пікірінше, Еуропа мемлекеттерінде дуальді оқыту жүйесі қалыптасып дамығанымен, жоғары педагогикалық оқу орындарына толықтай енгізілмеген, ал Қазақстанның жоғары педагогикалық білім беру жүйесіне енгізілген дуальді-бағдарлық оқыту нақты тәжірибеге негізделген және қоғамның педагогикалық білім беру саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға әлеуметтік тапсырыспен шартталған динамикалық құрылым болып табылады.

Ұлжарқын Әбдіғапбарованың қол жеткізген ғылыми нәтижелерінің құндылығы «Мектеп-Колледж-ЖОО» қызметтерінің ықпалдастығының артуына, менторлық әдістемені әзірлеуге, жоғары педагогикалық білім беруді жаңғыртатын дуальді-бағдарлық оқыту моделінің тұтас бағдарламасын практикаға ендіруге мүмкіндік берді.

Бұл зерттеу бүгінгі таңда DAAD неміс ұйымы қаржыландыратын «Pedagogical Professionalism and Internationalization» халықаралық жобаға ұласып, Абай атындағы ҚазҰПУ, Фридрих-Александр Эрланген-Нюрнберг университеті (FAU) және Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті (ASPU) ғалымдарымен бірлестікте жүргізіліп отыр.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр