Қаңтар оқиғасына қатысты істер бойынша 1396 адам сотталды
"Бүгінге дейін 1396 адам сотталды" делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Smart News басылымының хабарлауынша, Қанды Қаңтар оқиғасындағы іс бойынша сотталғандар белгілі болған.
Іс бойынша Бас прокуратура тергеу әлі де жүріп жатқанын мәлім етті.
“Қаңтар оқиғасын тергеп-тексеру жалғасып жатқанын хабарлаймыз. Сондықтан ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талабына сай, ақпарат жарияланбайды. Осы оқиғаларға қатысы бар-жоғы туралы жеткілікті дәлелдер алынған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бүгінге дейін 1396 адам сотталды” - делінген ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында.
Ведомствоның нақтылауынша, 574 адамның ішінде 12 тұлға жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғаны үшін бас бостандығынан айырылған.
"Осынау қайғылы оқиға кезінде 2 960 қару ұрланды. Оның 1 мыңнан астам табылды. Қалған қаруды іздеу жалғасып жатыр", - деп нақтылады Бас прокуратурадан.
Материал авторы