90-жылдары бандит, ұры болғандар сақал өсіріп, уағыз айтып жүр – Мұхтар Тайжан

Аиса Махамбет Редактор
14.01.2024, 15:55
8834
90-жылдары бандит, ұры болғандар сақал өсіріп, уағыз айтып жүр – Мұхтар Тайжан ашық дереккөзден

Олардың әрекеттерін арабтандыруға алып баратын науқан деп бағалады автор.

Smart News басылымының хабарлауынша, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан өзінің желідегі парақшасында соңғы кезде уағыз айтатын "молдалардың" қаптап кеткенін айтты.

"Өзің білме, білгеннің тілін алма" - деген жаман қарғыс сөз бар қазақта. Қарасам, өздері қараңғы, жоғары білімдері жоқ, кітап оқымаған "білгіштер" мен уағызшы "молдалар" қаптап кетіпті. Тоқсаныншы жылдары ғана ұры, коррупционер, бандит болған қазіргі таңда тақияны қиіп алып, сақалды өсіріп алып, тиктокта, ютубта жастарға ақыл айтып отыр.

"Шалбар киме - ол голубойлардың киімі екен", "көкпар деген - ол сақабалардың, яғни араптардың ойыны екен", "мұсылмандарда ұлты мен руы жоқ", "домбыра - харам" - деп сандырақ әңгімені көп айта бастады. Бұндай әңгімелер иманға еш қатысы жоқ деп санаймын. Бұл қазақты ұлтсыздандыруға, тіпті араптандыруға апаратын науқан.

Ата-бабаларымыз имандарын жүректерінде сақтап қазақ болып қалды ғой! Ұлт деген не? Ол тіл, дәстүр, діл, жыр. Бәрімізді Жаратқан жаратқаны рас, бірақ бәрімізді құл болсын жаратқан жоқ шығар? Біз өз туған балаларымызды бізге құл болсын деп туып өсірмейміз ғой? Ұрпағымыз басқа дүниеде емес, осы дүниеде бақытты болсын деп өсіреміз.

Сол секілді мейірімді я кешірімді Жаратқанымыз бізге құлдықты емес, бақытты өмірді тілеп отыр деп сенем. Ең қуатты Жаратқанға құлдар не керек?

Ал ғасырлар бойы құлдар патшаларға, байларға өте керек болған. Сол үшін қарапайым халықты дінмен қорқытып құлдықта ұстаған.

"Патшаға қарсы шықпа, осы өмірде бәрін шыда, үндеме, сосын өлесін, басқа дүниеде сенің қасында 70 жас қыз мәңгі серік болады". Нағыз құлдардың арманы сол болған.

Шалбар мен сақалыңның ұзындыңы, сенің намазың, сенің зяқатың, сенің мешіт салғаның, сенің Меккеге барып қайтқаның - ол сенің жеке шаруаң. Бұндай тірліктерді таза адамдар да, ұрылар да жасай береді.

Жаратқанға бізден не керек? Не үшін бізді жаратты, қандай мақсатымен? Біздің таза ниетіміз, біздің таза арымыз, ұрлыққа былғанбаған қолымыз керек. Нағыз иман деген осы деп білем!", - деп жазды ол.

 

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған