«Бес жыл отырып ештеңе істемей жатсам, айтсын»: «Қазақфильм» президенті даудың нүктесін қойды

Аиса Махамбет Редактор
14.01.2024, 16:59
9391
«Бес жыл отырып ештеңе істемей жатсам, айтсын»: «Қазақфильм» президенті даудың нүктесін қойды Jas Alash/Аслан Қажиев

Азамат Сатыбалды жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрайды.

Smart News басылымының хабарлауынша, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Азамат Сатыбалды Jas Alash порталына берген сұхбатында автотұрақ мәселесін ашып айтты.

«Адамдар бір нәрсені түсініп алуы керек. Қазақфильм ішінде автогараж бар. Аумағы 1,5 гектар. Оның 80 пайызы бос тұр. Былтыр желтоқсанның айлығын 5-6 күнге кешіктіріп әрең бердік. Қаңтар-ақпан кино түсірілмейтін «өлі» уақыт. Техника жалға берілмейді, бәрі тұрады. Бізге ақша түспейді. Бұл енді менің кінәм емес. Келер жылға қаңтар-ақпанға дайындаламын. Тамызда келдім, үлгерген жоқпын. Енді осы мәселені не істейміз деп, әріптестермен келісіп, ақысыз демалысқа жібердік. Жұмыс істеуі керек адамдарды алып қалдық. Енді біраз жалға алушылар жыл аяғы болғасын келісімшарт бітіп, кетіп жатыр. Бос ғимараттарымыз қалды. Соларға жалға алушыларды табу үшін арнайы хабарландыру жарияладық. Енді сол сияқты автогаражды да жалға бердік. Олар заңды түрде келісімшартпен келді, заңды түрде ақшасын төлеп, көліктерін қойды. Бізде 178 адам жұмыс істейді. Жалақыны мемлекет бермейді. Өзіміз табамыз. Оның «Аспан моторсқа» ешқандай қатысы жоқ. A- cars деген таксопарк. 50 автокөлігі тұр. Бұлар машина сатумен айналыспайды. Ел айтып жүргендей автосалон емес», - дейді президент.

Сондай-ақ ол бұл жағдай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабардар екенін айтты.

«Әрине біледі. Барлығы хабардар. Заңды түрде істеліп жатқан жұмыс. Қазір министрлікпен бірігіп жұмыс істеп жатырмыз.

Қазақфильмге жеке қаражат бөлдіріп, осындай «арендаға» телмірмей жұмыс істеу үшін заңға өзгеріс енгізу керек. Өзіңіз білесіз заңға өзгеріс енгізу 2-3 күннің жұмысы емес, ұзақ процесс. Аида Ғалымқызына рахмет. Келгелі осы Қазақфильммен айналысып жатыр. Біраз этаптан өттік. Алдағы уақытта оның бәрі жемісін береді.

Бұрын Қазақфильмнің бар мүмкіндігін Ұлттық киноны қолдау орталығына берген. Бізде дым қалмаған. Қазақфильм өзімен-өзі өмір сүруі үшін жаңа айтқанымдай заңға өзгеріс енгізу қажет. Қазақфильм деген заңда бірауыз сөз жоқ. Бәрі ұлттық киноны қолдау орталығы туралы. Арыға бармай-ақ қояйық. Жаңа айтып өткендей аурудың емі табылды. Құдай қаласа осы жылдың ортасына дейін мәселелер шешіледі. Соған дейін бізге сабыр керек. Егер мен осы жерде 10 жыл президент болып отырып, осындай мәселе болса онда «Азамат, не істеп жатырсың, ұят болды ғой» деп айтуға болады. Келгеніме 4-5 ай болды. Мынадай ұйымды қалпына келтіру үшін 4-5 ай аз уақыт. Мен мәселені зерттеп, енді бітіп жатырмын»

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады