Биыл 18 жастағы жасөспірімдер Ұлттық қордан қанша қаражат алатыны белгілі болды

Аиса Махамбет Редактор
14.01.2024, 20:08
1426
Биыл 18 жастағы жасөспірімдер Ұлттық қордан қанша қаражат алатыны белгілі болды yandex.kz

2024 жылы 18 жасқа толған балаларды қоса алғанда, шамамен 695,5 миллион доллар қаражат берілетіні белгілі болды.

Қаржы министрлігінің Ұлттық қорды бюджеттік несиелендіру және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов Ұлттық қордан балаларға ақша аударуға қатысты заңнамалық өзгерістер күшіне енгенін айтты.

"Бұл 7 миллионнан астам жас қазақстандыққа алғашқы төлемдерін алуға мүмкіндік береді. 2024 жылы 300 мыңнан астам бала Ұлттық қордың қаражатын оқу ақысын төлеуге және тұрмыс жағдайын жақсартуға пайдалана алады", - деді Арынғазинов.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) активтер мен талаптарды, жинақ шоттарындағы мақсатты жинақтарды есепке алу және төлемдерді жүзеге асыру операторы болып белгіленді.

Барлық балалар – 2006 жылы туған және одан кейінгі Қазақстан азаматтары жыл сайын ҚР Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызын алатын болады. Барлық балалар есепті жыл үшін бірдей соманы алады.

Өткен жылдарда балаларға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің бір бөлігі ретінде инвестициялауды жалғастырады. Нәтижесінде оларға инвестициялық кіріс қосымша есептелетін болады.

Балалар 18 жасқа толғанға дейін мақсатты талаптар мерзімінен бұрын бас тарту құқығынсыз қалыптасады. Балалар 18 жасқа толған жылы нысаналы талаптар мақсатты жинақ шотына аударылады және 18 жасқа толғаннан кейін ересектер жинақтарды екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайын жақсарту және оқу ақысын төлеуге пайдалану құқығына ие болады. Төлемдерге жеке табыс салығы салынбайды.

2024 жылы 18 жасқа толған балаларды қоса алғанда, шамамен 695,5 миллион доллар қаражат берілетіні белгілі болды. 695,5 миллион долларды 7 миллион балаға бөлгенде, әр балаға 99,3 доллардан болған. Алайда Қазақстанда 7 миллионнан да астам бала болуы мүмкін болғандықтан, бұл сома азаюы мүмкін.

Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл