Түркияның трансвеститтер клубында демалған қызылордалық мұғалімдер жұмыстан шығарылды

15.01.2024, 11:59
1184
Түркияның трансвеститтер клубында демалған қызылордалық мұғалімдер жұмыстан шығарылды canva.com

Оқушылардың қысқы каникулында Түркияда демалған екі қызылордалық мұғалімнің басы дауға қалды.

Zhasalash.kz хабарлауынша, педагогтар шетелде жүріп, бірнеше мәрте трансвеститтер клубында көңіл көтерген. Мұғалімдердің бұл әрекетін ата - аналар әлеуметтік желілер арқылы көріп, ұстаздардың мектептен кетуін талап етіпті. 

Бейәдеп қылық көрсеткен Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері. Шет тілін меңгерген мамандар Қызыл теңіз жағасында тынығу үшін мектеп әкімшілігін ескертіп, ақысыз демалыс алуды ұйғарыпты. Алайда кейін ұстаздардың Түркиядағы трансвеститтер клубында демалған видеолары әлеуметтік желілерде тарап кетіп, ата - аналардың наразылығын тудырған. Қарамағындағы қызметкерлердің мұндай әрекетке барғандығы мектеп басшылығын да есеңгіретіп тастаған көрінеді.

"Екеуі де ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, жас мамандар. Біреуінің "магистр" атағы да бар. Ұстаздардың әрекетін педагогикалық кеңесте талқыладық, жиналысқа әдейілеп тек әйел мұғалімдерді қатыстыруды жөн көрдім. Жиналыстан кейін ұстаздар өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыздарын жазды. Ол кісілер тек ұстаз ғана емес, сонымен қатар әйел кісілер, бала тәрбиелеп отырған ана. Әріптестеріміздің мұндай әрекетке барғандары өте ұят болды", - деп мәлімдеді мектеп директоры Гүлжахан Нарбаева. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды