Мынаның бәрін көргенше өліп кетуім керек еді - Ермек Тұрсынов

15.01.2024, 13:48
1862
Мынаның бәрін көргенше өліп кетуім керек еді - Ермек Тұрсынов ulysmedia.kz

Атышулы "Келін" фильмінің режиссері Ермек Тұрсынов қазіргі отандық фильмдерді қатаң сынға алды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлап отыр.

– Кино саласында тұтас деградация болып жатыр. Мен оны тіпті диверсия деп атаймын. Көз алдымызда болып жатқан нәрсе. Әнеубір мотоциклге мінген әйелді айтам, иә, «Таптым-ау, сені». Жалқауланбай барып қайттым. Бұл катастрофа! Ал залдар лық толы. Көз алдыңа елестете аласың ба? Ұлтымыздың уланғаны соншалықты, олардың бәрі ананы – бұл жерде боқтауға болмайды ә, соны көріп отыр. Көре отырып бәрі бақытты. Орнымнан тұрып, «халайық, сендерді алдап соғып жатыр, мына киноның бәрі өтірік, немеге көріп отырсыздар?» дегім келеді. Қазіргі киносымақтар... Қайдағы бір актерлар мен режиссерлер қаптап кетті. Экран быт-шыт – катастрофа. Мынаның бәрін көргенше өліп кетуім керек еді. Соның бәрі тапа-тал түсте болып жатыр. Цензура енгізу керек, – дейді Ермек Тұрсынов “Мүмкін емес” Youtube арнасына берген сұхбатында.

Режиссер сонымен қатар, сахнада стендаперлер аузына келгенін айтатынын еске салады.

– Өзінің «жігіттігін» боқтықпен жабатындарды қойшы, қазір солай қыздар да сахнада аузына келгенін көкиді. Мен оны қабылдай алмаймын. Сендерге не болған? Телевидениеде, әлеуметтік желіде не болып жатыр? Белгілі бір уақыттан кейін қылмыскерлер қоғамын қалыптастырамыз бұл түрімізбен, – дейді ол.

Ермек Тұрсынов Қазақстан бұрын үлкен түрме болғанын айтып, сол шаққа қайтып бара жатқан сияқтымыз деп қауіптенеді.

– Түрмелер бізде көбейеді әлі. Өйткені сол фильмдерге баратын аудитория – келешектегі қылмыскерлер. Өйткені олардың санасында ештеңе жоқ. Ол жақта нендей құндылықтар насихатталып жатыр? «Ұрлық жаса да, мал тап» дегендей әңгіме. Бұл жаппай деградация, – дейді ол.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды