Сенатта Qazaq Oxford Dictionary сөздігі таныстырылды

15.01.2024, 15:58
2746
Сенатта Qazaq Oxford Dictionary сөздігі таныстырылды British Embassy in Kazakhstan

Бүгін Сенатта Qazaq Oxford Dictionary сөздігінің таныстырылымы өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

 

«Бұл — Президенттің тапсырмасымен Ұлттық аударма бюросы мамандары 4 жылдан астам уақыттың ішінде арнайы әзірлеген сөздік. Оны қазақ тілінің мәртебесін халықаралық деңгейге биіктететін, оның қуатын, тілдік айналыстағы, қолданыстағы әлеуетін көрсететін еңбек деп бағалауға болады. Мемлекеттік тілдің Oxford сөздіктерінің қатарына ілінуі, оған 60 мыңнан астам сөздік іріктеліп, ғылыми негізде берілуі — зор мәртебе. Бұл жұмысқа Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары зор үлес қосты», — деді Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп сөздіктің таныстырылымында.

Іс-шара барысында жоба жетекшісі Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы сөздіктің қалай әзірленгендігіне тоқталды.

«Әлемде аударма сөздіктерді дайындау барысында, әсіресе өзге тілдерді ағылшын тілімен байланыстыруда ең беделді, ең тәжірибелі ұйым — Oxford баспасы. 150 жылдан бері сөздік дайындап, соған маманданған», — деді Рауан Кенжеханұлы.

Оның атап өтуінше, өздік құрастыру аясында қазақ және ағылшын тілі лексикасындағы өзгерістер, әсіресе қазіргі мәдениет, ақпараттық технологиялар, медицина, экономика, қаржы мен сауда салаларындағы жаңалықтар ескерілді.

Сондай-ақ сөздікте ағылшын және қазақ тілдерінің грамматикасы мен дыбыстау, емле ережелері түсіндірілетін қысқаша нұсқаулықтар, қазақ тіліндегі іскерлік және электронды хат-хабар жазу үлгілері берілді.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды