879

Ұялы байланыс операторларына салынған айыппұл нәтижелі болды

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс операторларына 700-ден астам тексерулер жүргізіп, 3 млрд 288 млн теңгеге айыппұл салды. Бұл туралы Halyq sozi хабарлап отыр.

Ұялы байланыс операторларына салынған айыппұл нәтижелі болды
imformburo

Министрлік өз құзыреті аясында ұялы байланыс операторларына сапасыз қызметтерін ұсынғаны үшін айыппұл салу өкілеттігіне ие.
Осылайша, 2023 жылы ведомство 782 тексеру жүргізіп, 3 млрд 288 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Бюджетке заңнамада көзделген жеңілдікті ескере отырып, 1 млрд 644 млн теңге төленді, оның ішінде операторлар бойынша:

Tele2 - 751,4 млн теңге;
Kcell - 563,2 млн теңге;
Beeline - 329,4 млн теңге төледі.

Бағдат Мусиннің пресс-секретарі Альбина ханымның айтуы бойынша, айыппұл нәтижелі болды:

«Тариф көтерілмейді, интернеттің сапасы жақсарады. Ұялы байланыс операторларының жауапкершілігі күннен күнге жақсарып келе жатыр», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, тексеру жұмыстары халықтың сұраныстары арқасында жүзеге асты.

Мақала авторлары: Ербол Бірғаным, Достов Ислам, Ибрагим Игілік, Жунусова Аружан, Жумабай Эльмира.