СҚО-да 5 күн ішінде 22 мас жүргізуші анықталды

15.01.2024, 19:06
1515
СҚО-да 5 күн ішінде 22 мас жүргізуші анықталды polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері “Мас жүргізуші” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

5 күн ішінде олар мас күйінде автокөлікті басқарудың 22 фактісін анықтады. Мысалы, Есіл ауданында рейд өткізу барысында тәртіп сақшылары боранда тәуліктің қараңғы уақытында бірден екі жолаушыны тасымалдаған мотоциклшіні байқады.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері анықтағандай, ауылдардың бірінің 30 жастағы тұрғыны әйелі мен оның туысын алып кеткен. Медициналық куәландыру оның мас күйде екендігін көрсетті.

Айта кетерлік жайт, ер адамның көлікті басқару құқығы болмаған. Ол 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Облыс жолдарында ЖПІШ барысында полицейлер 1360 түрлі құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 63 жылдамдықты асыру фактісі және жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермеуінің 34 фактісі анықталды. 

– Ішімдік ішкеннен кейін рөлге отыратын адамдар — ықтимал қылмыскерлер. Өткен жылы мас жүргізушілердің кінәсінен 29 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды. Мұндай фактілердің алдын алу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды