Еліміздің 10 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

16.01.2024, 09:59
632
Еліміздің 10 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды dknews.kz

Синоптиктер республиканың 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

 

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 16 қаңтарда Алматыда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шымкентте тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында жаяу бұрқасын болып, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Жетісу облысының орталығында, таулы аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Алакөл көлі аумағында түнде солтүстік-шығыстан жел тұрып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғып, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының оңтүстігі мен шығысында - тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында бұрқасын болады. Ал батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғып, солтүстікте, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Белгілі журналист Диас Ахметшәріп инсульт алып, комаға түсті Әскери шеруді терезеден тамашалаған тұрғынға дронмен ескерту жасалған (ВИДЕО) Қостанай облысында полиция подполковнигі жол апатынан көз жұмды Ерлікпен қаза тапқан қос полиция қызметкері марапатталды Бүгінгі шеруде заманауи әскери техникалар көрсетілді Әскери парадта Рақымжан Қошқарбаев тіккен тудың көшірмесі алаңға шығарылды Хиуаз Доспанова, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлованың ізбасарлары парадта сап түзеді Тоқаев: «Опат болған боздақтарға тағзым етеміз» «Базардан алып, балаларыма да бермей жедім»: Әйел балық жеймін деп аяқ-қолынан айырылған Танымал түрік актері Бурак Өзчевит қазақ баласының тұсауын кесіп берді (ВИДЕО) «Сот небәрі 15 минутта шешім шығарды»: Оқушыларға қалдық тамақ берілетінін әшкерелеген мұғалім сотталды Астанада су қымбаттап, жылу арзандады Астаналық 3-сынып оқушысы қаладағы жаңа автобус бағытының авторы атанды Мектеп әкімшілігі жетім балаларды байдың қызынан тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлеген (ВИДЕО) Нұрлан Еспановтың ұлы сүйіктісімен заңды некеге тұрды (ФОТО) 61 жастағы мұғалім оқушы қызға тиісіп, оған махаббат хаттарын жолдаған «Путинге сыйлық»: Ким Чен Ын Ресейге 15 мыңға жуық еңбек мигрантын жіберді Әкімдік мектептегі мұғалімдер бөлмесін шаштаразға жалға берген (ВИДЕО) 19 жастағы қыз ер адамды контент үшін ұрып-соққан Атырауда Бибігүл Шпанованы үйінде зорлап, өлтіріп кеткен қаскөй сантехник қамауға алынды