Жетісу облысында аудандық мәслихат депутатын өлтіріп кетті

16.01.2024, 10:18
710
Жетісу облысында аудандық мәслихат депутатын өлтіріп кетті gov.kz

Қайғылы оқиға Жетісу облысының Үшарал қаласындағы құрылыс жүріп жатқан жерде болған.

Жетісу облысының Алакөл ауданының мәслихат депутаты Дәурен Слямовті пышақтап кетті.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 15 қаңтар күні сағат 15:25-те Алакөл аудандық полициясына Үшарал қаласында салынып жатқан объектіледің бірінде мас ер адам жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция келгеннен кейін жұмысшыларды жақтаған 34 жастағы ер адамға бір пышақ жарақатын салған күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын екендігін анықтады, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Күдіктіні оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін бес минут ішінде ұстады. Сонымен қатар, жәбірленуші алған жарақаттан жедел жәрдем каретасында қайтыс болды, - делінген мәліметте.

Ал қайтыс болған адам Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямов болып шықты.

Ұсталған ер адам Алакөл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды