"Енені аямауым мүмкін": Дариға Бадықова келін мен ене мәселесіне қатысты ойын айтты

16.01.2024, 15:55
7410
"Енені аямауым мүмкін": Дариға Бадықова келін мен ене мәселесіне қатысты ойын айтты dariga_badykova

Отандық танымал актриса Дариға Бадықова желіде келін мен ене тақырыбын қозғап, оған қатысты не ойлайтынын ашық айтты. Өнер иесі мінезі тік екенін алға тартып, бір жайт ұнамай қалған жағдайда қатты айтып тастауы мүмкін екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісінде өзінен ақыл-кеңес сұраған жас келінге жауап берді. Жас келіншек енесімен қарым-қатынасы туралы айтып, оған деген бар өкпе-назын жеткізген. Сөзінше, ол енесімен бірге тұрғысы келмейді.

"Сіз келіндердің рөлін көп сомдайсыз ғой. Маған ақыл беріңізші. Енеммен тұрғым келмейді, әр нәрсеге сөйлей береді. Даладан аяқ киіммен кіріп, төрге дейін жүреді. Бар жағдайын жасап отырмыз, сонда да жақпаймыз. Не істерімді білмеймін", - деп шағымданды келіншек.

Актриса жанайқайын жеткізген жас келінге жауап беріп, келелі кеңесін беруге тырысты.

"Аяқ киіммен үйге кіріп келетін енені аямауым мүмкін. Мен ақыл айта алмаймын. Әр үйдің тәртібі басқа ғой. Біз әр түрліміз ғой. Оның үстіне менің мінезім тік, жаман айтып тастауым мүмкін. Бірақ күйеуіңізбен отырып сөйлесіңіз. Сол кісі үйдегі адамдардың статусын жақсы ажыратып түсінбесе қиындау болады. Ана да керек, әйел де керек. Жалпы әйелдердің ауызын жаба алатындай еркектік міінезі болу керек", - деді өнер иесі. 

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?