Салтанат Нүкенованы өлімі: Бишімбаевқа тағы бір айыптау бабы қосылды

16.01.2024, 18:13
2721
Салтанат Нүкенованы өлімі: Бишімбаевқа тағы бір айыптау бабы қосылды ашық дереккөзден

Тергеу іске "азаптау" бабын қосқан. Бұл туралы Ulysmedia.kz порталы хабарлап отыр.

"Власть" басылымының мәліметінше, Астана полиция департаменті ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған. Оның бірі 110-баптың 2-бөлігі (азаптау), екіншісі 99-баптың 2-бөлімі (аса қатігездікпен кісі өлтіру).

Бұрын тек бір бап, 99-шы бап бойынша іс қозғалғаны хабарланған еді. Қылмыстық кодекске сәйкес, азаптау үшін төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бишімбаевтың ағасы "Гастро-орталық" директорына қатысты қылмыстық кодекстің 432-бабы (жасыру) және 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша тергеу аяқталған.

ІІМ мәліметтері бойынша, қазір қылмыстық процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуға кіріскен. Кейін іс прокуратураға жіберіледі.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)