Серік Ибрагимовтың үшінші перзенті дүниеге келді
Танымал әнші Серік Ибрагимов әке атанды. Бұл туралы әнші өзінің парақшасында жазды.
Өнер иесі көпшіліктен сүйінші сұрап, ұлды болғанын айтты.
“Аллаға сансыз шүкір. Мен үшінші рет әке атандым. Баршаңызға жұғысты болсын! Қабырғам, сен батырсың! Ұлды болдым.
Баланың атын кім деп қоямыз енді? Біз әлі ойланбадық», — деп жазды әнші.
Ал желі қолданушылары әншінің отбасылық қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды. «Бауы берік болсын», «Құттықтаймын», «Ғұмырлы болсын», - деп жазды