«Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін». Бельгиялық қазақ баланың әкесіне қатысты ДНҚ нәтижесі шықты
Қымбат Досжан ДНҚ тапсырған Бауыржан жайлы мән-жайды айтты. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Қымбат Досжанның айтуынша, Жәнібек мен Бауыржанның арасында ешқандай туыстық байланыс жоқ.
«Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін» деп ДНҚ анализ тапсырған Бауыржанның нәтижесі 0% шықты, - деп жазды журналист.
Еуропада өскен, бельгиялық жалғызбасты әйел асырап алған қазақ баласының туған анасын іздеу жалғастырылуда.
