Shakarim University және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ортақ мақсат үшін бірікті

17.01.2024, 12:54
807
Shakarim University және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ортақ мақсат үшін бірікті gov.kz

Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бағытын одан әрі дамыту үшін Мемлекет басшысы бірқатар бастамаларды қабылдады. Бұл туралы smartnews.kz хабарлап отыр.

Бұл бастамалар өңірдің дамуында елеулі рөл атқаруда. Әсіресе жаңадан құрылған Абай облысында мемлекеттік қызметте жастар легінің ағылуы байқалуда. Осы ретте, Shakarim University мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Рәсімге университет басшылығы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалы мен қызметкерлері қатысты. Алғы сөз сөйлеген Shakarim University ректоры Думан Орынбеков шараның маңыздылығын айтып, ЖОО-ның бірқатар жетістіктеріне тоқталды.

«2024 жыл – университет үшін мерейлі жылдардың бірі. Бүгінгі ынтымақтастықтың символдық маңызы зор деп білемін. Биыл білім ордасы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтеді. ЖОО мемлекетке бәсекеге қабілетті жастарды дайындау барысында алтын көпір болмақ. Себебі, біздің басты миссиямыз «Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман, Абай аңсаған кемел тұлғаны қалыптастыру», - деді университет басшысы Думан Рымғалиұлы.

Тараптар меморандум аясында бірлескен қосымша білім беру бағдарламаларды, ғылыми-әдістемелік зерттеулерді, инновациялық жобалар мен мамандарды әзірлейтін болады. Бұл келісім өңірдің дамуына, елге қажетті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда септігін тигізері анық.

Айта кетерлігі, Shakarim University Абай облысында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасын жемісті іске асыруда. Жоба шеңберінде ЖОО-ның 15 студенті білімдерін шыңдап, өңірге қызмет етуге сақадай сай.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды