821

Ажар Ғиният: Ағзамды донор ретінде беруге келісемін

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ағза доноры болуға дайын екенін айтты.

Ажар Ғиният: Ағзамды донор ретінде беруге келісемін
ҚР Премьер-министр баспасөз қызметі

Министр мәйіт донорлығы көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да проблема екенін атап өтті.

Бұл мәселе медициналық емес, моральдық-этикалық мәселе болып табылады. Азаматтар өлгеннен кейін ағзаларын тірі қалдыруға дайын болуы керек. Денсаулық сақтау министрлігінде электронды тіркеу бар, онда кез келген азамат электронды үкімет арқылы өз ниетін, таңдауын білдіре алады. Бүгінде 40 мың қазақстандық өз ұстанымын білдірген, оның 15 пайызы келіскен, - деді министр.

Ажар Ғиният бұл бағыттағы жұмыс жалғасатынын және ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізелетінін атап өтті.

Желтоқсан айында трансплантация болды. Екі донор 9 адамның өмірін сақтап қалды, - деді министр.