Бассейндік инспекция штаты 1,5 есе артты
Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекция штаты 2023 жылдың қорытындысы бойынша 51 су заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
Су ресурстары мен ирригация министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылы инспекция қызметкерлері барлығы 40-қа жуық тексеріс жүргізіп 51 су заңнамасын бұзу фактісін анықтаған,нәтижесінде жалпы сомасы 8 млн теңгеге 208 әкімшілік айыппұл салынып,бұл бұзушылықтарды жою үшін 50 ұйғарым берілген.
«Су тұтынуды бақылауды күшейту үшін біз бассейндік инспекция штатын 1,5 есе арттырдық. Олардың материалдық-техникалық базасы да жақсартылатын болады. Сонымен қатар, жаңа Су кодексінде бассейндік инспекцияларға қадағалау функцияларын беруді қарастырдық. Ал, Кәсіпкерлік кодекс су ресурстарын басқару органдары жеделден қою шараларын қабылдай алатын нормалармен толықтырылады», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Қортындылай келе, осыған дейін елімізде бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 98 адам болса, қазір жалпы штат саны 242 адамға жеткен.
Мақала авторалары: Ғалымжанқызы Дина, Елеусін Хадиша