Қазақстанда білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жаңа үлгісі белгіленді

17.01.2024, 16:58
829
Қазақстанда білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жаңа үлгісі белгіленді gov.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің мәліметінше, білім сапасын арттыру мақсатында Ұлттық бағалау жүйесінің жаңа үлгісі қалыптасты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ол елдегі білім сапасының толық көрінісін білуге және түрлі факторлардың ықпалын сараптауға, ескеруге мүмкіндік береді.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі барлық бағалау құралдарын жүйелеу мақсатында Орта білім беруді бағалаудың ұлттық негізін әзірледі, ол төрт құрамдас бөлікті қамтиды: оқушыларды бағалау, педагогтерді бағалау, білім беру ұйымдарын бағалау және білім беру жүйесін бағалау.

Орта білімді бағалаудың ұлттық негізі - ЭЫДҰ ұсынымдары негізінде әзірленген құжат. Ол жалпы ішкі және сыртқы бағалау құралдарын біріктіреді. Мысалы, білім алушы деңгейінде: формативті және жиынтық бағалау, қорытынды аттестаттау, сонымен қатар мектептерге арналған халықаралық PISA зерттеуінің нәтижелері.

«Бұл білім беру процесінің әрбір қатысушысына - ата-анадан, оқушыдан, педагогтен бастап барлық деңгейдегі басшыларға «не бағаланады?», «қашан?» және «не үшін?» екенін нақты түсінуге мүмкіндік береді. Яғни, жетілдірілген Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі оқушылардың білімін білім алудың әр сатысында бақылауға, мектептер мен өңірлер бөлінісінде мәселелерді жедел анықтауға және шешуге мүмкіндік береді», - дейді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Динара Әбілқанова.

Сонымен қатар министрлік білім беру сапасын сырттай бағалаудың ұлттық құралы – білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта ББЖМ Нидерландыда RCEC (Research Center for Examination and Certification) халықаралық зерттеу, сертификаттау орталығында аккредиттеу рәсімінен өтуде. Бұл ББЖМ мазмұны мен рәсімдерін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан алты халықаралық зерттеулерге қатысады: PISA, PIRLS, ICILS, TIMSS, TALIS, мектептерге арналған PISA. Биылғы жылы біздің оқушыларымыз жаратылыстану бойынша көрсеткіштерін 26 ұпайға арттырып, математика мен оқудан өз нәтижелерін сақтау арқылы математика және жаратылыстану пәндері бойынша ТОП-50-ге енді.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді