Мемлекет қаржысынан 500 млн теңге жұмсап түсірген фильмді небәрі 325 адам көрген – Дәулет Мұқаев

17.01.2024, 19:21
831
Мемлекет қаржысынан 500 млн теңге жұмсап түсірген фильмді небәрі 325 адам көрген – Дәулет Мұқаев Мәжіліс

Депутат Дәулет Мұқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сауал жолдады.

 

2023 жылғы 17 маусымда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда отандық кино саласын реформалау қажеттігіне нақты тоқталды. Бірақ бұл саладағы айқай толастар емес. Кино түсіргісі келгендер көбейгенмен, олардың дені өз қаражатына түсіріп жатыр.

«Мемлекет тарапынан бөлінетін қаржылардың көбі «өз араларында» қалып жатқандай көрінеді. Өйткені, Ұлттық киноны қолдау орталығының фильмдері не сұранысқа, не халық тарапынан қолдауға ие емес. Тіпті, халық қазынасындағы қаржыны миллиондап құмға құйып жатқандаймыз. Мысалы, 2019-2023 жылдар аралығында отандық 100 фильмге шамамен 23 млрд. теңге бөлінген. Ең қызығы оның барлығы 100 пайыз игерілген. Есебі тапсырылып, кино түсірілген», – деді депутат.

Депутат Дәулет Мұқаев мұндай фильмдердің мысалын келтірді. 

«Енді қараңыздар, Atlas entertainment компаниясы түсірген отандық «Время патриотов» фильміне 1 млрд. қаржы жұмсалса, оның кассалық жинағы небәрі 10 миллион теңге. Бұл кеткен соманың 1 проценті ғана. Келесі, Satai film түсірген «Боксшы» фильміне 900 млн. жұмсалса, кассалық жинақ небәрі 25 млн. теңгені құрады. Фильмнің идеясы, Олимпиада чемпионы Сапиев туралы екенін білесіздер. Бірақ, кино өте сапасыз әрі көрермендерге әсер сыйлай алмады. Сондай-ақ, Медет фильм түсірген «Лето 1941-го» отандық киносына 700 млн. қаржы бөлінсе, оның 2 миллионы ғана қайтарылған. Бұл кеткен шығыннан 350 есеге аз. Және де, «Жизнь» фильміне 500 миллион кетсе, небәрі 650 мың теңгесі қайтқан. Мысалы, орта есеппен кинотеатрлардағы билеттің бағасы 2000 теңгені құраса, онда бұл фильмді 325 адам көріпті-міс. Сонда сіз болып, біз болып «Жизнь» деген фильмге бюджеттен жарты миллиард кетіріп, 325 адам көру үшін ғана түсірдік пе?!», – деді Дәулет Мұқаев. 

Ол мемлекет тарапынан бөлінген қаражатқа түсірілген фильмдерді де халықтың көріп қуанып жатқаны шамалы, отандық киноөндіруші ұйымдардың кинотеатрларда фильмдерді көрсетуінде тағы өзіндік проблема бар екенін атап өтті.

«Ол – жарнаманың әлсіздігі, оған арнайы қаражаттың қарастырылмауы. Мемлекет қолдауымен түсірілген фильмдердің жарнамасы жоқтың қасы. Қаншама фильмдер түсіріліп, шаң басқан архивтерде жатыр. Тәуелсіздіктен бері қарай мемлекет қаржысына 600-ден аса фильм түсірілсе, соның ішінде өз-өзін ақтап, пайдаға шыққан фильм тек «Досмұқасан» ғана. Бәрін айтта, бірін айт, биылғы Ұлттық кино орталығының питчингті өте сәтті ұйымдастырғанын көрдік. Фильмдер әділетті әрі әлеуметтік желіде ашық таңдалды. Сондықтан, жаңа басшылыққа жоғарыда орын алған мәселелерді қатаң ескеру қажеттігін айтамыз», – деді ол депутаттық сауалында. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды