Ердоған Түріктің тұңғыш ғарышкеріне сәт сапар тіледі

18.01.2024, 11:09
895
Ердоған Түріктің тұңғыш ғарышкеріне сәт сапар тіледі trt.net.tr

Режеп Тайип Ердоған Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылатын тұңғыш түрік ғарышкері Альпер Гезеравжымен сөйлесті, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия портал.

Kazinform мәліметінше, аталған БАҚ-тың мәліметінше, министрлер кабинеті жиналысы кезінде өткен кездесуде Президент Ердоғанның: «Ғарыш міндетін атқаратын тұңғыш азаматымыз сен боласың. Ұлтымыздың мақтанышы боласың. Дайынсың ба?» - деген сұрағына Гезеравжы дайын екенін айтты. 

Түркия президенті Ердоған бұл ғарыш сапарының маңызы зор екенін айтып, ғарышкерге сәттілік тіледі. Ол осы міндет әрі ғылым миссиясы, әрі балаларға, жастарға шабыт болатындай құнды, жаңа бастау болатынын айтқан.

«Осы миссия жалғасын табады. Мақсатты арттыра береміз. Саған және командалас жолдастарыңа табыс тілейміз. Аман-есен міндетті атқарып келуіңе тілектеспін. Алла Тағала жар болсын. Жолың ашық болсын», - деді Режеп Тайип Ердоған.

Айта кетейік, құрамында Альпер Гезеравжы бар команданы тасымалдайтын зымыран 19 қаңтар күні Түркия уақытымен сағат 00.49-да ғарышқа ұшырылады. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды