"Түнгі клубтан шығып, ертеңгісі скамейкада ұйықтап жатыр: Жанар Айжанова хиджаптағы қыздар туралы сөз қозғады

18.01.2024, 10:32
23977
"Түнгі клубтан шығып, ертеңгісі скамейкада ұйықтап жатыр: Жанар Айжанова хиджаптағы қыздар туралы сөз қозғады sn.kz

Әнші бұл туралы "Adal adam" You Tube бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлап отыр.

"Намаз жұртқа көрсететін абырой емес. Намазды өзің үшін оқисың. Намаз оқыған адамның оранып жүруі міндет пе, міндет емес пе білмеймін. Орамал ештеңеден құтқара қоймайды. Бізде намазға келгенге дейін, намазға келгеннен кейін деп бөледі. Намазға келгенге дейін ол кісі өлтірді ме, ұрлық жасады ма? Менің ойымша, қыздар хиджапты біреудің ықпал етуімен киеді.Ол оған әлі дайын емес, имандары тілінің ұшында. Иманды жүрекке сіңдіру де үлкен жұмыс. Намаз жан-жаққа реклама жасамай, үйде оқитын нәрсе. Хиджапты шешіп жатқан қыздарымыздың имандары әлі әлсіз. Басында қатты кетеді, уағыз айтып шығады, және бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай бәрінің уағызы бір-біріне ұқсайды. Сыртта басқа, үйде басқа нәрсе көрсетіп, хиджап кигізіп қойып бірнеше қатын алып, оларды талақ қып лақтырудың сұрауы бар", - дейді ол.

Сондай-ақ, әншгі журналистің "Хиджап киетін жұлдыздарға ақша беретіні рас па" деген сұрағына да жауап берді.

"Мен естідім, секта деп айта ма, төлейді деді. Өйткені, хиджап киген қыздардың әке-шешеден төмен қарай сыбап, неше түрліні айтып, еркектерді боқтап жатқанын көрген кезде мынау адам емес қой деп ойлайсың. Көрген қыздардан естуім бойынша, танитын қыздарымыз түнгі клубтан шығып, ертеңгісі скамейкада ұйықтап жатыр дейді. Ол өзін-өзі алдап жүр. Осындай ұйым болса, иманы әлсіз адамдарды таңдап алып, бір-екі мақал, хидисін айтып миын улап, бірден қатты кетеді. Қатты кеткеннен кейін ана байғұстың артында әдеті тартып тұрады. Болмайын десе, ана жақтан алған ақшасы бар, хиджапты киіп қойды. Содан кейін, бір қызығы, олар хиджапты бірден шешіп тастаймайды, басына кепка киеді, кейін оны да шешіп баяғы қалпына келе бастайды. Одан баяғы қалпы дұрыс еді. Қазір қоғамда адастырушылар көп", - дейді әнші. 

«Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген