Қазақстандықтар автокөліктердің VIP нөмірлерін алуға 10 миллиард теңге жұмсаған

18.01.2024, 17:46
657
Қазақстандықтар автокөліктердің VIP нөмірлерін алуға 10 миллиард теңге жұмсаған Nege.kz

2023 жылы қазақстандықтар көліктерінің VIP нөмірлерін алуға 10 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлап отыр.

 

2024 жылдың 18 қаңтарындағы есеп бойынша, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жыл ішінде 30 мыңға жуық сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін берген.

"Көлік иелері олар үшін 10 миллиард теңгеден астам төлеген. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022 жылы қазақстандықтар VIP нөмірлерге 7 миллиард теңгеден астам ақша жұмсаған", – деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.

Мамандар 2023 жылы ең жылдам сатылатын нөмірлер 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 болғанын түсіндірді. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК (210 444 тенге).

VIP желісіндегі ең қымбат нөмірлер – 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 бірдей әріптері бар. Мұндай нөмірлердің әрқайсысы көлік иесіне 285 АЕК (2024 жылы - 1 052 220 теңге) тұрады.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті