Қазақстандықтар Tesla акцияларын жиі сатып ала бастады

18.01.2024, 19:43
829
Қазақстандықтар Tesla акцияларын жиі сатып ала бастады Canva

2023 жылы қазақстандықтар Tesla компаниясының акцияларын жиі сатып ала бастады.

Бұл туралы KASE Қазақстан қор биржасының басшысы Алина Алдамберген баяндады.

2023 жылы желтоқсан айының соңында KASE Global шетелдік қағаздар секторында 45 атау және 11 шетелдік эмитенттің ETF акциялары болған.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша KASE Global секторында сауда көлемі 36,5 млрд теңгеге жеткен және 2022 жылмен салыстырғанда 41,7%-ға немесе 10,8 млрд теңгеге ұлғайған. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 148,6 млн теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 246 болса, бір мәміленің орташа көлемі – 603,3 мың теңгені құраған.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, 2023 жылы KASE Global секторындағы ең көп мәмілелер мынадай акциялармен жасалған:

- Tesla (TSLA_KZ) – жалпы сомасы 1 610,4 млн теңгеге 6 714 мәміле;
- Ford Motor Company (F_KZ) – 220,7 млн теңгеге 6 017 мәміле;
- Intel Corporation (INTC_KZ) – 1 108,9 млн теңгеге 5 135 мәміле.

Алина Алдамбергеннің айтуынша, инвесторлардың негізгі санаттары арасында брокерлік-дилерлік ұйымдар үлесі – 36%, басқа институционалдық инвесторлар үлесі – 0,1%-дан аз, басқа заңды тұлғалар үлесі – 26,2%, жеке тұлғалар үлесі – 37,8%, резидент еместердің үлесі – 0,6% құрады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді