«Үйленейік дегенде, неге кетіп қалмадым» – Мақпал Жүнісова

Аиса Махамбет Редактор
19.01.2024, 10:31
15060
«Үйленейік дегенде, неге кетіп қалмадым» – Мақпал Жүнісова ашық дереккөзден

Әнші өзінің «әттеген-ай» деген өкінішімен бөлісті.

Smart News басылымының хабарлауынша, әнші Мақпал Жүнісованың жас күнінде жарияланған суреті көпті таң қалдырды.

Әнші Instagram-дағы парақшасында фотожурналист Болат Омарәлиевтің Facebook парақшаға жариялаған постын бөлісті.

«Мына суретті 1980 жылдары түсірдім. Бұл Мақпал Жүнісованың тұрмысқа шықпаған кезі. Суреттің ұтып тұрғаны – көздің жұмылғаны. Сұлулықтың көздің жұмылғанында болатынын осы Мақпалдан көрдім», – деді суретке түсіруші фотожурналист Болат Омарәлиев.

Әншінің суретін көрген жұрт, Мақпал Жүнісованың жас күніндегі келбетіне тамсанды.

«Қобаға мұрын, қой көзді, Ақша бетті нұр жүзді', деген жыр жолдары бар , сол осы Мақпалға айтылғандай дейді менің мамам, өте сұлу кісі ғой»;

«Алма мойын,аршын төс,қиылған қас ,қолаң шаш,қыпша бел,сүйрік саусақ,ақша беттің нақ өзі болып тұрсыз»;

«Биыл 60 жасқа шыққан болса, 80-жылы 16 жаста болған екен»;

«Әрине, осы сұлулық, қазақтың біртуар азаматын ғашық еткен», - деп жазды оқырмандар.

Оқырмандардың ізгі тілегіне әнші былайша жауап қайтарды.

«Суретте 16 жаста емеспін. 16 жасымда қасым қалың, көзді бұлай бояған жоқ едім. Кірпігімді анда-санда көтеріп қоятынмын. Бұл 19 немесе 20 жасым болуы керек. 

Сол кезде үйленейік дегенде, неге кетіп қалмадым деп осы шақта өкінетін сәттер болатын боп жүр.

Кейде ойланып отырып өз-өзіме айтам, мүмкін Зәкеңе дөрекі сөйлеп, қысқа юбка киіп, жабыстырып шалбар киіп, шашты сарыға бояп, боқтық әңгіме айтқанда маған жоламай, өзі қашып кетер еді ғой» деп… «Шілей» сұлу болған да қауіпті екен», – дейді Мақпал Жүнісова.

Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды