Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Аиса Махамбет Редактор
19.01.2024, 11:55
1189
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді ашық дереккөзден

Астана уақыты енді Батыс Қазақстан уақытына артқа өзгереді.

Smart News басылымының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.

«Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы N 1749 қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, «Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек».

Бүгінгі таңда Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.

Айта кетейік, Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін орнатуды уақытты есептеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар ұсынған.

Жұмыс тобы 2023 жылдың ақпанында қазақстандықтардың ең қолайлы уақыт белдеуіне көшу туралы бірнеше мәрте келіп түскен өтініштеріне байланысты құрылған. Оның құрамына ғылыми институттардың, медициналық жоғары оқу орындарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары және т. б. кірді.

Өткен жылдан бастап медицина, физиология, география,метрология және басқа да түрлі салаларды қамтитын жұмыс тобының мүшелері Қазақстанда қолайлы уақыт белдеуін белгілеумәселесін зерттеп келеді.

Жұмыс тобына қатысушылар UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу ең дұрыс және оңтайлы нұсқасы екенін және Қазақстанның көптеген аймақтары табиғи уақытқа ең жақын уақыттыпайдаланатын болады деген ортақ пікірге келді.

Бұл ретте жұмыс тобы халықаралық тәжірибені саралап, әлемнің 175 елінде біріңғай уақытбелдеуі қолданылса, 22 мемлекет бірнеше уақыт белдеуінде екен.

Сондай-ақ сарапшылар біріңғай уақыт белдеуін белгілеу еліміздің әр өңірінің тұрғындары арасындағы уақытша кедергілерді жойып, көлік және басқа да коммуникацияларды үйлестіруді жақсартып, бизнесті жүргізуге, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Қаулы ресми түрде жарияланып, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

«Кешірім сұрайтындай ешкімді атқан жоқпын»: Мақпал Жүнісова қас дұшпандарыма мереке сыйлап тұрамын деп мәлімдеме жасады Біреудің қаңсығы біреуге таңсық «Қыз болғанша тоқтамаймын»: Тәуекел Мүсілім қызы болғанын қатты армандап жүргенін айтты «Қазір қыз іздеп жүрмін»: боксшы Нұрбек Оралбай жеке өміріндегі құпияларын айтты Анамды жұмыс істеткізбеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды 2-ақ адам қалған: Солтүстікте жыл соңына дейін 45 ауыл картадан жойылатыны белгілі болды «45 тәулікке қамалады»: Әйелі мен балаларын ұрып-соққан ақтөбелік жеңіл жазамен құтылды Екібастұзда 9-сынып оқушысы жоғалып кетті Тағы бір мерзімді әскери қызметші Ақтөбеде қайтыс болды Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі қайтыс болды Әкем сырт көзге суық көрінгенімен жүрегі өте жұмсақ болды – Мұстафа Өзтүріктің үлкен қызы Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды Қазақстанда бір күнде үш рет жер сілкінісі тіркелді Бүгін еліміздің 4 өңірінде ауа сапасы нашарлайды «Дауылды ескерту!»: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО)