«Орыс тілінің сағатын азайтып, заңтану пәнін енгізу керек» – қоғам белсендісі

19.01.2024, 13:20
827
«Орыс тілінің сағатын азайтып, заңтану пәнін енгізу керек» – қоғам белсендісі egemen.kz

«Халқымыздың құқықтық сауаты өте төмен» дейді қоғам белсендісі.

Smart News басылымының хабарлауынша, қоғам белсендісі Жәнібек Қожық мектептерде 5-11 сыныптағы оқушыларға Заңтану пәнін енгізу керек деген ұсыныс жасады. Ол бұл ұсынысын өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Қоғам белсендісінің айтуынша, елімізде заңды жөнді білетін жандар тым аз болғандықтан, алаяқтық пен оған алданатындар көп, қылмыс өршіп тұр.

«Құқын қорғай білетін сауатты ұрпақ дайындауымыз керек. Менің ұсынысым: мектепте 5 пен 11-сыныптың арасында жас ерекшелігіне қарай «заң» пәнін енгізу қажет.

Ол үшін барлық педагогикалық университеттерде «заң» пәнінің мұғалімі мамандығын дайындайтын арнайы бөлім ашылуы тиіс.

Еліміз құқықтық зайырлы мемлекет болғанымен, халқымыздың құқықтық сауаты өте төмен.

Біздің қарапайым халқымыз заң білмегеннен кейін, өз адал еңбегін талап ете алмайтын, өз құқын өзі қорғай алмайтын жағдайға жетті.

Азаматтарымыз күн сайын, алаяқтардың алдауына түсіп, жем болып жүр.

Елімізде сыбайлас жемқорлықтың азаймай отыруының басты себебі де сол. Біздің заң білмегендігіміз, заң алдындағы жауапкершіліктен құтқара алмайды.

Сондықтан да біздің көптеген азаматтарымыз нақақтан түрмеде отыр», - деп жазды Жәнібек Қожық.

Сондай-ақ белсенді кейбір пәндерді өмірде пайдалана бермесек те, заңды оқудың маңызды екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, мектептердегі «Құқық негіздері» пәнін біліктігі де, білімі де жоқ, басқа саладағы мұғалімдер жүргізеді.

«Мектепте көптеген пәндер 11 жыл бойы тереңдетіліп оқытылады. Бірақ шынайы өмірде сол оқығандарымызды пайдалана бермейміз. Мысалы, өмірде физикадан формула шеше алмағаннан немесе орыс әдебиетінен Пушкиннің өлеңін жатқа білмегеннен қорлық көрген жеріміз жоқ. 

Біз тек қана заң білмегеннен, өз құқымызды өзіміз қорғай алмағаннан қиындық көріп келеміз.

Егер де әр азамат заңды жақсы білетін болса, өз құқын өзі қорғайтын болады. Әрине, қазір 9,10-сыныптарда «құқық негіздері» пәні жүреді, бірақ оны заң маманы емес, тарихшы немесе сағаты жетпеген музыка пәнінің мұғалімі де оқыта береді. Оның өзінде «құқық негіздері» сабағы 10-сыныпта қосымша сабақ ретінде жүреді. Балаларымыздың құқық жағынан сауатсыз болуы – заңдылық», - деп жазды Жәнібек Қожық.

Белсенді Жәнібек Қожық жаңа пәнге керек сағатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің сағаттарын азайту арқылы алуға болатынын айтты.

«Ал заң пәнін оқыту үшін артық сағатты қайдан алуға болады?

Мектепте орыс тілі мен әдебиеті біріктіріліп аптасына 3 сағат 11 жыл бойы оқытылады. Біз неге, өзге мемлекеттің тіліне оқытуға миллиардтаған қаржы жұмсап, басымдылық береміз?! Сол екі пәннің сағатын азайтып, «заң тану» сабағын оқытуға болады. Сонда мектепте 7 жыл «заң» пәнін оқыған бала мектеп бітірген кезде қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тіпті шетел заңдарын толық білетін, өзі де заңмен жүретін сауатты азамат болып шығады. Сол кезде елімізде жемқорлық та азаяды, қоғам да өркендеп дамитын болады.

Адамға өмір сүруі үшін ауа қандай қажет болса, қоғамда еркін өмір сүру үшін заңды білу сондай қажет. Біз сонда ғана зайырлы, құқықтық демократиялық мемлекетке айналамыз. Заң түзелсе, заманда түзеледі!», - деп жазды Жәнібек Қожық.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды