Елімізде 208 педагог мектеп директорлығына конкурссыз өтеді

Аиса Махамбет Редактор
19.01.2024, 17:00
1233
Елімізде 208 педагог мектеп директорлығына конкурссыз өтеді

Бос тұрған директорлық лауазымдарға сертификат табысталды.

Smart News басылымының хабарлауынша, бүгін елордада Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастар кадрлық резерві үлгісіндегі «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасын сәтті аяқтаған педагогтерге Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сертификат табыстады. Бұл іріктеу мен біліктілік курстарынан өткендерге ешбір конкурстық рәсімдерсіз бірден бірінші басшының бос орнына тағайындалуға мүмкіндік береді.

«Бұл - отандық білім жүйесін дамытудың жаңа кезеңі. Сегіз айдың ішінде сіздер іріктеуден өтіп, жеке, кәсіби, басқарушылық, аналитикалық дағдылар мен құзыреттеріңізді дамыттыңыздар. Енді Сіздер нағыз көшбасшылар ретінде еліміздегі білім беру жүйесінің сапасын арттыруға өз үлестеріңіздіқосуларыңыз керек. Ең бастысыбалаларымыз бен педагогтерімізге жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру»,– деді министр.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасын іске асыру, үміткерлерді іріктеу мен олардың біліктілігін арттыру шараларын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген.  

Орталық көшбасшыларды бес кезең бойынша іріктеген. Алғашқы кезеңде үміткерлер өз құзыреттілігін бағалау үшін тестілеуден өтсе, екінші кезеңде оқуға жіберіледі. Мұнан соң еліміздің алдыңғы қатарлы мектептерінде тағылымдамадан өтеді, төртінші кезеңде қорытынды бағалау рәсімі жүргізіліп, бесінші кезеңде министрлік жанындағы комиссиямен әңгімелесуден өтеді. Бұл мектеп басшыларының республикалық кадрлық резервін құру үшін жасалып отыр.

«Бағдарлама халықаралық озық тәжірибелерді ескере отырып іске асырылды, ал тестілеу шаралары жетекші тәжірибелерге негізделген. Бастапқы кезеңде жобаға қатысуға 8068 адам тіркеліп, оның 2809-ы тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижелері бойынша оқуға ұсынылған үміткерлердің сараланған тізімі қалыптастырылды. Педагогикалық шеберлік орталығы былтырғы шілдеден бастап базалық деңгейде 500-ге тарта үміткерді оқытты. Алайда барлық кезеңнен сүрінбей өткен 208педагог қана жоба сертификатына ие болып, резервке енді», – деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Сондай-ақ топ-менеджерлер заманауи мектептегі тенденциялар, мұғалімнің үздіксіз дамуы мен кәсіби әл-ауқаты, балаға қолайлы орта құру, стратегиялық жоспарлау, табысты директор ретіндегі бедел, кәсіби экология, аналитикалық құзыреттер сынды тақырыптарды тереңірек зерттеді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ курстан кейін де қатысушыларды сүйемелдеу, болашақ басшылардың кәсіби дамуының жүйелі мониторингін жасайды. Еліміздегі мектептердің білім сапасын арттырып, деңгейін көтеруге бағытталған жоба биыл да жалғасын табады.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды