Қазақстаннан асырап алған ұл-қызын америкалық ерлі-зайыпты 9 жыл зорлаған

Аиса Махамбет Редактор
19.01.2024, 17:22
2854
Қазақстаннан асырап алған ұл-қызын америкалық ерлі-зайыпты 9 жыл зорлаған telegram.com

АҚШ соты асырап алған ұл-қызын зорлаған ата-ананы соттады.

Smart News басылымының хабарлауынша, америкалық отбасы асырап алған балаларды бірнеше жыл бойы зорлап келген. Бұл туралы Milford Daily News жазды.

Массачусетс штатындағы Ворчестер қаласының соты Нортбридж қаласынан келген ерлі-зайыптыларды Қазақстаннан келген балаларды зорлағаны үшін түрмеге отырған. Линда Майотт асырап алған ұлын, ал оның жұбайы Джозеф асырап алған қызын үнемі зорлап келген.

Америкалық сот ерлі-зайыптыларды балаларды зорлаудың 29 ісіне кінәлі деп тапты, деп Milford Daily News басылымы жазған еді.

1963 жылы туған Джозеф Майотт 11 қылмысы бойынша кінәлі деп танылып, 16 жылдан 20 жылға дейін түрмеге тоғытылды. Оның әйелі 1964 жылы туған Линда 18 іс бойынша кінәлі деп танылып, 18-22 жыл түрмеде болады деп шешім шыққан болатын.

Жағдай қалай болған еді?

2004 жылы Майотт отбасы Қазақстаннан 9 жасар қыз бен 13 жастағы ұлды асырап алған. 2009 жылы асырап алған ұл полицияға хабарласып, асырап алған анасы оны екі жылдан бері үнемі зорлап жүргенін хабарлаған.

Тәртіп сақшылары көршілерінен жауап алып, артынша ерлі-зайыпты Майотты тұтқындаған. Жауап алу кезінде Линда Майотт керісінше асыранды ұлының өзін бірнеше рет зорлағанын айтады.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері Джозеф Майоттан да жауап алады. Тергеу барысында ол бес жыл бойы асырап алған қызын үнемі зорлағаны анықталған. Ер адам өзіне тағылған барлық айыптарды жоққа шығарып, ешқашан Қазақстаннан асырап алған қызын зорламағанын айтып ақталған.

Қылмыстық істі тергеу барлығы төрт жылға созылды. 2013 жылдың тамызында сот Майотт отбасын зорлық-зомбылық бойынша кінәлі деп тапты. Олар жазасын әртүрлі түрмелерде өтейтіні туралы Milford Daily News басылымы жазған еді.

Оқиғадан бері 10 жыл өтсе де, америкалық ерлі-зайыпты зорлаушылардың құрбаны болған қазақстандық ұл мен қыздың жағдайы не болғаны белгісіз қалған еді. Қауіпсіздігі үшін аты-жөндері құпия сақталған қазақ балалары туралы мәлімет жоқтың қасы.

Дегенмен сұмдық жайттан соң елдегі мәжіліс депутаттары шетелдегі отбасылар асырап алған қазақ балаларын елге қайтару туралы ұсыныс жасағанмен, ұсынысқа қолдау болмады.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол