Алматыдағы метро станциясынан Назарбаевтың портреті алынып тасталған
Портрет не үшін алынып тасталған?
Smart News басылымының хабарлауынша, Алматыдағы «Алмалы» метро станциясында ілулі тұрған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті алынып тасталған. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
«Алмалы» метро станциясы ашылғалы бері ілініп тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың фотосы жоғалып кетті. Дегенмен Алматы метросының баспасөз қызметі бұған қатысты түсінік берген.
сурет: tengrinews.kz
«Сурет жақтауы мен әйнегі сынғаннан кейін демонтаж жасалды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың фотосуреті 2011 жылғы 1 желтоқсанда Алматыда метро іске қосылғалы бері тұрған.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші
сурет: tengrinews.kz