«Үміт үзбеймін, іздей беремін»: америкалық отбасы асырап алған Сардар Пол анасын іздейді

Аиса Махамбет Редактор
19.01.2024, 20:32
1612
«Үміт үзбеймін, іздей беремін»: америкалық отбасы асырап алған Сардар Пол анасын іздейді видеодан алынған кадр

«Мен оны жек көрмеймін» дейді анасын іздеген Сардар.

Smart News басылымының хабарлауынша, «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасында Юта штатында тұратын қазақ балаларының өмірі туралы түсірілім жалғасып жатыр. Бағдарламаның кезекті санында америкалық отбасы асырап алған Сардар Пол өзінің ата-анасын іздейтінін айтты.

Белгілі болғандай Сардардың туу туралы куәлігінде ата-анасының есімі жазылған. Есімі жазылғанмен, Сардарға өмір сыйлаған әйелдің қайда екені белгісіз. Әзірге оны табу мүмкін болмай жатыр.

Туған анасы туралы Сардар Пол былай деп сыр шертті:

«Туған анамның есімі Баймаханова Эльмира Қалмахамбетқызы. Әкем – Бекнұр Баймахан. Америкалық ата-анамның айтуынша, туған анам мені перзентханада босана салысымен қалдырып кеткен екен. Шынымды айтсам, қалай болғанын толық білмеймін. Туған анамды табамын деп ойлаймын. Бұл – менің өмірімдегі ең керемет, ұмытылмас оқиға болар еді деп үміттенемін. Дегенмен бұлай болмауы да мүмкін екенін білемін. Бірақ үмітімді үзбеймін. Іздей беремін.

Мен оны жек көрмеймін. Мүмкін ол сол кезде қатты қиналған шығар. Басына түскен ауыртпалықты көтере алмаған болар. Оны айыптамаймын. Жазғырмаймын. Мен тек қана оны көргім келеді. Мама, егер осы бағдарламаны көріп отырсаң, сені іздеп жүргенімді білші. Күндердің күнінде бір өзіңмен кездесемін деп үміттенемін. Сенімен жақынырақ танысқым келеді. Өмір бойы өзімді мазалаған сұрақтардың жауабын алғым келеді», - деді Сардар Пол бағдарламаға берген сұхбатында.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)