Римде қазақстандық апорт таныстырылды

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2024, 10:51
965
Римде қазақстандық апорт таныстырылды gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстаннан өзге елдерге де танымал сорт туралы айтып берді

Smart News басылымының хабарлауынша, Италия Республикасындағы ресми сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев FAO Бас директоры Цюй Дунъюмен кездесті. Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының» (FAO) басшысына осы ұйымның «Бір ел - бір басым өнім» бағдарламасына қатысатын әйгілі қазақстандық апортты таныстырды.

FAO Бас директорымен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстаннан өзге елдерге де танымал сорт туралы айтып берді.

- Қазақстан алманың отаны ретінде кеңінен танымал. Апорт алмасы еліміздің ең ірі мегаполисі, менің туған қалам Алматының маңында өседі. Қазақ тілінен аударғанда «Алматы» «алманың мол жері» дегенді білдіреді, - деді Президент.

Апорт жемісі үлкен көлемімен, тамаша иісімен және дәмді шырынымен ерекшеленеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның апортты әлемдік нарықтың алдыңғы қатарына жылжыту жөніндегі бастамасын FAO басшысы Цюй Дунъюй қолдайтынына сенім білдірді.

1970 жылы Қазақстанда 3,8 миллион апорт ағашы болса, 1984 жылы 1,4 миллион ғана қалды.2000 жылға қарай Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында сорттың 115 формасы мен клонынан тұратын коллекция жасалды. 2012 жылы сортты қалпына келтіру және жасарту бойынша ғылыми зерттеулер басталды, оның ішінде Сиверс алма ағаштарына апорттың эксперименттік бағы салынды, онда 2023 жылы салмағы 400-500 г болатын алғашқы ірі жемістер алынды.

Аты аңызға айналған апорттың Италиядағы стендін жас PhD ғалымдары Сағи Солтанбеков пен Балнұр Қабылбекова сүйемелдеп, итальяндық журналистер мен кездесуге қатысушыларға қазақстандық алма туралы айтып берді.

FAO-ның «Бір ел – бір басым өнім» бағдарламасы 2021 жылдың қыркүйегінде іске қосылды. Бағдарлама ерекше құнды ауылшаруашылық өнімдерін, яғни географиялық аймаққа, ауыл шаруашылығы тәжірибесіне және мәдени мұраға байланысты бірегей сапалары мен ерекше сипаттамалары бар өнімдерді «жасыл» дамыту бастамаларына бағыттайды.

Бағдарламаға өз өнімдерімен басқа елдер де қатысуда. Мысалы, Түркия інжірді, Молдова асханалық жүзімді, Өзбекстан шиені елдің ерекше құнды ауылшаруашылық өнімі ретінде бекіткен.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді