Абай университетінде «Digital Projector» инновациялық зертханасы ашылды

21.01.2024, 09:51
971
Абай университетінде «Digital Projector» инновациялық зертханасы ашылды gov.kz

Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Digital Projector» ғылыми-білім беру зертханасының салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Зертхана ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті «Жоғары оқу орнының «online community» кеңістігінде оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастыру жүйесін кастомизациалау» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында құрылды, жетекшісі – профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарова.

Іс-шараға ҚР Парламентінің экс-депутаты Зағипа Балиева, Абай университетінің проректорлары, департаменттер мен институттардың директорлары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты.

Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректоры Болат Тілеп жаңа зертхананың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ректор өз сөзінде: «Бұл – білім мен оқу-ағарту ісінің болашағын қалыптастыратын заманауи технологиялық шешім, Абай университеті ғалымдарының ғылыми ізденістерінің айшықты нәтижесі. Заманауи зертхана еліміздің жетекші университеті ғалымдарының зерттеулерінің тиімділігін арттырып, білім мен ғылымды дамытуда үлкен рөл атқарады», - деді.

«Digital Projector» ғылыми-білім беру зертханасы үш маңызды бағытты біріктіреді:

1 – Coursera және EDx сияқты халықаралық платформаларға арналған контент жасау;

ZOOM, GoogleMeet, WebEx және басқа құралдар арқылы заманауи Led-тақтаға онлайн оқытуды тарату, интерактивті презентацияларды жасау және бөлісу; аралас оқыту түріне арналған оқу мазмұнын әзірлеу;

Оқу материалдарын талқылауға және сол сәтте аудиториядан кері байланыс алу. Сондай-ақ, зертхананың маңызды ерекшелігі – қолданушылар күрделі деректер мен модельдерді онлайн режимінде көрсете алады және бұл өз кезегінде шетелдік ғалымдармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған нетворкинг орта құруға септігін тигізеді.

2 – заманауи технологиялар қарапайым білім беру процесін интерактивті атмосферамен толықтырады. LightBoard және TouchBoard технологиялары презентация слайдтарын монтажсыз видеоматериалға бірден енгізуге, графикамен жұмыс істеуге, 2D және 3D графикалық элементтерін көрсетуге мүмкіндік береді, ал хромакей технологиясы фото және видео фондарды қолдана отырып, оқу және зерттеу процесіне толық енуге мүмкіндік береді.

3 - телесуфлер видеоматериалды дайындау уақытын қысқартады, ал белсенді монитор монтаждауға жұмсалатын уақытты үнемдейді.

Digital Projector - бұл жай ғана зертхана емес, ол заманауи білім беру үрдістерінің көрінісі және қазақстандық білім берудің болашағын қалыптастыратын технологиялық шешімдердің бірі. Зертхана білім беру процесін жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер ашып қана қоймай, сонымен қатар Абай университетінің әлемдік деңгейдегі педагогикалық зерттеу университеті ретіндегі имиджін нығайтуға ықпал етеді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды