Жемқор сөздігі: Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сөздерін жариялады

21.01.2024, 18:09
5003
Жемқор сөздігі: Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сөздерін жариялады Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл сөздер мен іс-әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл желісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу іс-қимылдары кезінде анықталған.

Smart News басылымының хабарлауынша, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді. Бұл туралы KazInform халықаралық ақпараттық агенттігі жазды.

Бұл сөздер мен іс-әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл желісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу іс-қимылдары кезінде анықталған.

Бұл ретте Антикор әр жағдайды жеке қарастыру қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық нақты жағдайға байланысты әртүрлі тіркестер мен жағдайлардан кейін пайда болуы мүмкін.

Осылайша, ең көп таралған сөздер мен сөз тіркестері: «Осы мәселені шешіп беріңізші», «біздің де пайдамыз тиер», «рахмет айтамын ғой», «көреміз», «хабарласамыз ғой», «шешуге болады, бірақ нақты ештеңе айта алмаймын», «мүмкіндігіңізді пайдалансаңызшы», «келісеміз ғой», «қашан, қайда барып, не істеу керектігін айтасыз ғой», «жақсы жаңалықпен қуантасыз деп ойлаймын».

Ең жиі қолданылатын іс-қимылдар: саусақтарын ысқылау, бас изеу, көзбен ымдау, қалтасын қағу, ұялы телефон, калькулятор арқылы соманы көрсету, қол алысу.

Сыйлық пара болып санала ма?

Сонымен бірге Антикор қандай жағдайларда сыйлықтар немесе қызметтер пара болып саналмайды, деген сұраққа жауап берді.

«Мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасына сыйлық беруге тыйым салатын заңнамалық нормалар бар. Егер мемлекеттік қызметшіге сыйлық беру олардың қызметімен байланысты болмаса, мүдделі емес ұйымдар мен жеке тұлғалардан сыйлық алуға жол беріледі. Ал егер сыйлық беру мен шенеуніктің белгілі бір іс-әрекеті арасында себеп-салдарлық байланыс орнатылса, онда бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу деп танылады», - деп түсіндірді сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов Kazinform агенттігінің ресми сауалына.

Ол сыйлық алу және беру үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Егер сыйлық заңсыз әрекеттер немесе әрекетсіздіктер үшін берілсе, құны 2 АЕК-тен (7 384 теңге) асса және алдын ала уағдаластық болса, қылмыстық жауапкершілік көзделеді.

Қанат Сүлейменов мемлекеттік қызметші жұмыс орнындағы үстелінен пара тапса, не істеу керектігін түсіндірді.

«Мемлекеттік қызметші дереу мұндай құқықбұзушылықтың алдын алу және тоқтату бойынша қажетті шара қабылдауы керек. Яғни мемлекеттік қызметші құқық қорғау органдарына (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің call-орталығы 1424 және 102) жүгінуге және тікелей басшыны дереу хабардар етуге, сондай-ақ фактіні құжаттау үшін әріптестерін куә ретінде шақыруға тиіс», - деді спикер.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады